Ақтауда Қуаныш Жантұрғанның шығармашылық кеші өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Қуаныш Жантұрғанның шығармашылық кеші өтті

31 Октября 2016 (17:34) | 2549 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жұманың кешінде М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының концерт залында аталмыш өнер ордасының симфониялық оркестрінің солисі Қуаныш Жантұрғанның өнерде жүргеніне 20 жыл толуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдына орай шығармашылық кеші өтті.

            Концертте филармонияның симфониялық оркестрі және камералық ансамблінің сүйемелдеуімен әуелетіп ән шырқаған тамаша дауыс иесі Қ.Жантұрған танымал опера, оперетта, романстардан партиялар орындап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Кешке келген өнерсүйер қауымның қарасы көп болды. Классикалық өнерден ләззат алған көрермен әншінің өнеріне ризашылықпен ұзақ қол соқты.

            Шығармашылық кешке сонымен қатар Астанадан арнайы ат терлетіп келген өнерпаздар да қатысты. Олар – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солисткасы Салтанат Мұратбекова және «Солисттер Академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрдің виолончелисі Бақытжан Жантұрған болатын.

            Өнер кешінде вокал жанрының майталман шеберлерінің шығармаларын Шахаризада Сапарова мен Самат Құлманов та нақышына келтіре орындап, концерттің ажарын ашты.

            Маңғыстау өнер колледжінде ұстаздық ететін Қуаныш Жантұрғанның шәкірттері де сахнада әуезді ән шырқап, ұстазының мерейін өсірді.

            1998 жылы Ж.Елебеков атындағы цирк және өнер колледжін, 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын «Музыкалық драма театрының актері» мамандығы бойынша тамамдаған Қуаныш өнер ортасы - Алматыда біраз жылдар бойы кәсіби сахнада еңбек етті.

            1999-2003 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Ұлттық Академиялық балалар және жастар театрының актері болып қызмет еткен жылдары танымал актриса Айгүл Иманбаевамен бірге сахнада өнер көрсетіп, «Қыз Жібек» спектаклінде Төлегеннің ролін сомдаған.

            2003-2008 жылдар аралығында Алматының үлкен сахналарында шеберлігін шыңдаған өнерпаз К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театрында және Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында хор әртісі боп өнерге қызмет еткен Қ.Жантұрған 2008 жылдан бастап Маңғыстау облыстық филармониясында симфониялық оркестрдің әншісі ретінде өнер көрсетуде.

 

 

-                     Бүгінгі шығармашылық кешімді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнадым. Себебі Тәуелсіздік болмаса, ештеңе де болмас еді. «Экономикасы мықты елдің – мәдениетінің де деңгейі жоғары болады» демекші, біздің мақсатымыз – мәдениетіміздің деңгейін жоғары көтеру, сол арқылы еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады деген үміттеміз.

Өнерге қызмет етумен қатар, өзім қазір шәкірт тәрбиелеудемін, бүгінде 7 шәкіртім бар. Қазақтың балалары өте талантты. Жалпы, классикалық өнерде дауыс бара-бара ашылады. Алдымен шәкірттерімізге бұл күрделі өнердің өзіне тән қыр-сырын үйретеміз.

Опера өнерін таңдаған себебім – бала кезімнен Әлібек Дінишев ағамыздың өнеріне ғашық болдым. Мектеп кітапханасына барған кезде Әлібек ағамыздың орындауындағы тамаша әндерді пластинкалардан тыңдап, сол кісіге еліктеп өстім. Атақты өнер иесіне ұқсағым келетін.

Өз балаларымның өнер жолын таңдағанын кейде қаламаймын. Себебі өнер жолы – өте ауыр жол, оған өзіңді түгелдей арнауың керексің. Алайда қазір ортаншы ұлымыз флейта класына, ал кіші ұлымыз – скрипка класына барып, дәріс алып жүр. Болашақта олар өзге саланы таңдаса да, өнерден құралақан болмағаны, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына бұл қызғушылықтарының өз үлесін қосары анық, - деді Қуаныш Жантұрғантілшілердің тарапынан қойылған сауалдарына жауап бере отырып.

Кеште өнер көрсеткен кейбір әншілер классикалық жанрдағы шығармаларды орындағанмен, қатал сахналық қалыптан шығып, көрерменмен жақын жүздесіп, тыңдаушыларының арасына келіп, оларды жылы жымиыспен жақсы әсерге бөлеп, көңіл-күйлерін бір көтеріп тастады. Концертте орындалған әрбір шығарманы өнер сүйер қауым зор ықыласпен тыңдап, дүрілдете қол соғып, қошеметтеп отырды.

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солисткасы Салтанат Мұратбекова:

-                     Қуаныш Жантұрғанмен ЖОО-да бір топта бірге оқығанбыз. Бүгінгі шығармашылық кешіне шақырту алған соң, оны қабыл алып, сонау Астанадан курстасымды қолдау үшін арнайы келдім. Концерт тамаша өтті. Ақтаулық көрерменнің өнерге деген ықыласы мені қуантты, әрі таң қалдырды.

Жалпы, опера өнерін бағалауға, түсінуге деген халқымыздың талпынысы бар екендігі анық. Бұл күрделі өнерді бізде түснетін адамдар саны көбейіп келеді.

 «Астана Опера» әлемдік опера театрларымен салыстырғанда үшінші орында тұр десек те болады, мүмкіндігі, сән-салтанаты жағынан керемет өнер ордасы болып отыр. Халық ол жерге көп келеді. «Абай», «Біржан сал» операларын және бірнеше шетелдік операларды қойдық.

Енді сіздің аймақ орталықтан алыстау жатса да, мұндағы халықтың өнерді сыйлай білетіні мені тәнті етті.

Концертте симфониялық оркестрмен қосылып, виоленчельде тамаша өнер көрсеткен Астанадан келген «Солисттер Академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрдің виолончелисі Бақытжан Жантұрғанның шебер орындауындағы шығармаларды ақтаулық көрермен ұйып тыңдады

-                     Бүгінгі шығармашылық кеш жоғары дәрежеде өтті деп есептеймін, өте бір жылы кеш болды. Қуаныштың мынадай үлкен репертуары бар екенін де бұған дейін білмеппін. Концертке келген халық та жақсы бір көңіл көтергендей, өнер көрсеткен әншілердің де деңгейлері жоғары екен, мен өзім таң қалдым.

Біз Қуаныш екеуіміз ағалы-інілі туған бауырлармыз. Ата-анамыз өздері ән айтпаса да, өнерді жоғары бағалайтын жандар. Анамыз - Қаражанова Дариға Сәбитқызы 40 жыл бойы телевизия саласында еңбек еткен, яғни өнер адамдарының ортасында жүргенінен де болар, біздің - Қуаныш екеуіміздің өнер жолына түсуімізге тікелей ықпалы болды, Қуанышты-актер қылды, мені А.Жұбанов атындағы мектеп-интернатқа берді, сөйтіп, ата-анамыздың арқасында екеуіміз де өнераз болдық.

Классикалық өнер – қиын өнер. Батыс аймағынан кезінде көптеген ұлы адамдар өнерде өздерінің үлкен іздерін қалдырды. Бүгінде Маңғыстаудың мәдениет саласының жақсы дамып келе жатқанының куәсі болып жүрміз бәріміз де. Жастарға жақсы бағыт-бағдар беріп, тәрбиелесек, келешекте де ұлттық өнеріміз өркендеп дами түсетініе сенімім мол., - дедіконцерттен соң пікірін айтуды өтінгенімізде елордалық өнерпаз Бақытжан Жантұрған.

Кеш соңында сахнаға көтерілген Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Пәния Сармурзина шығармашылық кеш иесі Қуаныш Жантұрған және астаналық өнерпаздар-кеш қонақтары Бақытжан Жантұрған мен Салтанат Мұратбекованы Басқарманың арнайы Алғыс хатымен марапаттады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему