Ақтауда мектеп оқушыларын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды
15 Декабря 2017 (21:31) | 3205 | Автор: Нурганым Имашева
Оқушыларды бизнес негіздеріне оқыту Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы мамандандырылған экономикалық лицейінде бастау алды. Бұл жоба әзірге пилоттық режимде енгізілді. Ал жаңа пән мектеп бағдарламасына келер жылы енгізілетін болады. Бұл туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевмәлімдеді.
"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" бағдарламасы жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары үшін арнайы дайындалған жаңа пән. Ал бизнестің қыр-сырын экономика пәнінің мұғалімдері Сапура Нұрғожина және Мария Азолина оқушыларға жан-жақты түсіндіруге тырысты.
Қазақ және орыс сыныптарындаүш сабақтан өтті. Оған барлығы 32 шәкірт қатысты. Сабақ кезінде оқушыларға облыстағы отандық өнеркәсіпорыны туралы сюжеткөрсетілді.
Сабақ еркін формат түрінде өтті. Жаңа пәннің алғашқы сабақтары «Экономикалық терминдер», «Кәсіпкерлік формалары», «Компания құруға дайындық» тақырыптарында ұйымдастырылды. Негізгі басымдық тәжірибе сабақтарына берілді. Оның аясында іскерлік ойындар ұйымдастырылып, еңбек нарығына талдау жүргізу, франшизаның тиімділігі, кәсіпорындар меншік нысаны және бизнес-жобаларды қорғауға бағытталды.
Ақтау қаласы мамандандырылған экономикалық лицейінің мұғалімі Сапура Нұрғожинаның айтуынша, оқушылар бұған дейін кәсіпті қалай бастауға болатыны туралы білмейтін.
Ал, жаңа пән енгізілген күннен бастап, олардың қызығушылы жоғары екендігін байқауға болады. Әсіресе азғантай шығынмен қалай бизнесті жүргізуге болатынын, франшиза дегеніміз не, пайда түсірудің жолдары қандай деген сұрақтарға жауап бере алады. Санаулы күнде белгілі болғандай, оқушылардың басым бөлігі өздерінің болашағын кәсіпкерлікпен байланыстырғысы келеді.
-Негізінен, бұл өте қызықты оқу құралы. Оқушылар кәсіпкерлік негіздерінің не екенін біледі және ынтасы жоғары екендігін байқауға болады.
Сабақ барысында негізінен кәсіпкерліктің негізгі формалары және бизнесті басқару, қателікке жол бермей қиындықтардан шығу жолдарын түсіндіруге тырыстық.
Бір қуантарлығы, оқушылардың қызығушылығы артып отыр және сабақтан бос уақытында қолдарынан жаңа пән түспейтін болды. Бизнестің қыр-сырын үйренуге ынталы, - дейді ұстаз Сапура Нұрғожина.
Ал, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасайұлы болса жаңа пәнді оқып, білімдерін жетілдірген оқушылар болашақта кәсіпкер болуға осы бастан дайындалуына жақсы мүмкіндік алып отырғанын айтады. Бұл ретте жоғары сыныптың оқушыларына кез-келген уақытта қолдау көрсетілмек.
-Жалпы бизнес дегеніміз не деген сұраққа оқушылар жауап іздемей-ақ, олардың бойында түсінік қалыптасты деуге негіз бар.
Бір қуантарлығы - оларда жаңа идея көп, осы идеяларды жүзеге асыру үшін теорияға көбірек ден қою қажет.
Ендігі кезекте қаржылай сауаттылық, серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату, бизнес-жоспарды қатесіз жазу және өздерінің идеяларын ойдағыдай жүзеге асыруды үйренеді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөз осындайда ойға оралады.
Дамыған елдің қатарына қосылу үшін, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық беріп отыр.
Мемлекеттің болашағы – білімді жастар десек, балаларға мектеп қабырғасынан бастап бизнес саласы бойынша оқығандары өте құптарлық іс деп ойлаймын.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қараша айында Ақтаудағы екі колледждің студенттеріне үш күндік «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбында тренинг өткізілді.
Осы шараның аясында студенттер жас кәсіпкермен жүздесті. Оған жетпіс шәкірт қамтылды.
Келер жылдан бастап бір апталық тренинг Ақтаудағы үш мектепте, бес колледжде және жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін өтеді.
Бұл «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осы жұмыстарды қолға алып, жастарға кәсіпкерлік саласы бойынша білім беруге дайын, - дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.
Айта кету керек, бизнестің қыр-сырын үйретуге арналған жаңа оқулықты мектептерде енгізу туралы бастама «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен әзірленді.
Жаңа 2018-2019 оқу жылында пилоттық жоба ретінде енгізілмек. Пилоттық жобаны экономика пәнінің мұғалімі жүргізеді.
Жақын күндері оқу орындарында енгізіле бастаған "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты оқу құралына мүғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында сауалнама жүргізу арқылы түпкілікті талдау жасалып, қорытындысы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне жолданбақ.
Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген соң, жаңа оқулық қайта басып шығарылады және барлық жалпы білім беру ұйымдарына таратылады.
Материалды дайындаған: Кәмшат Ізбасарова, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту бөлімінің» сарапшысы
Суреттерді түсірген автор
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему