Жаттығуда қиын – «шайқаста» оңай
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаттығуда қиын – «шайқаста» оңай

30 Октября 2016 (18:44) | 1889 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Ақтауда 2016 жылы 25 қазанда адамдардың ауқымды келу нысанында өрт-техникалық жаттығуы өтті. Бұл жолы жаттығу «Қазақтелеком» АҚ филиалы ғимаратында өткізілді.

 

         Жаттығу ілімі бойынша Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясының акт залында газбен дәнекерлеу жұмыстары салдарынан жиһаздардың жануына әкеп соққан сахнаның жануы орын алды.

 

Өрт тікбұрышты пішіндес формада екі бағытта өрістей бастады. Өрттің таралу жылдамдығы минутына 0,5 метрді құрады, осы ретте жану жағдайы қалың тығыз түтін мен токсикалық газдың бөлінуіне әкелді.

 

Бұл туралы бізге Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

         Өрт сөндіру есебінің келе салысымен «Қазақтелеком» АҚ филиалы МОТД өкілдеріне ұжымның бірнеше қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілгендігі туралы, сондай-ақ акт залында қалған екі қызметкер туралы баяндалды.

 

Өрт сөндірушілер біреуін сыртқа шығарып, Апат медициналық орталығы қызметкерлеріне жеткізді, дәл сол жерде дереу уытты түтіннен уланған адамға алғашқы көмек көрсетілді. Сонымен қатар, АЛ-30 автосатының көмегімен, ғимараттың шатырында қалып қойған бір қызметкерді құтқаруға септігін тигізді.

 

         Жаттығуға № 1, № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері мен № 8 өрт сөндіру бөлімінің, Апат медициналық орталығының, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС қызметкерлері қатысты.

 

Өртті жоюға 19 бірлік негізгі, арнайы және қосымша техникалар, соның ішінде АСА-20, АКП-54, АД, ГТҚА техникалары, командалы-штаб көлігі, жедел әрекет ету автокөлігі және басқа да өрт техникалары жұмылдырылды.

 

-         Өрт сөндірушілер, жаттығу барысында, өзінің кәсіби шеберлігін

 

арттырады, сондай-ақ нысанды, оның ерекшеліктерін зерттейді, шынайы өрт орын алған жағдайда оны аз  шығынмен сөндіру мүмкіндігін анықтайды, - дейді Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Еркінбек Нұрғали.

 

 

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему