Ақтауда Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған ән кеші ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған ән кеші ұйымдастырылды

23 Февраля 2019 (19:26) | 2896 | Автор: Нурганым Имашева

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрында 20 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында, Кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң» атты кеш өтті.

 

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі көркемдік жетекшісі Рахат Мадреев пен Мәдениет саласының үздігі Айдарбек Оңайбаев дирижерлік еткен кеш Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің орындауындағы Өскінбай Қалманбетұлының «Бұл-бұл Ақжелең» күйімен басталды.

 

М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі ән кешіне өнер майталмандары, әншінің шәкірттері келді.

 

Атап айтсақ, Орал қаласынан арнайы шақыртылған Ғарифолла Құрманғалиевтің төл шәкірті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев, ҚР мәдениет қайраткері Бауыржан Сатыбалдин, Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі мен әншілері қатысты.

 

Біртуар өнер иесі Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірттері ән орындау өнерінің әр қырынан шеберліктерін көрсетті.

 

Сонымен қатар, Ғарифолла Құрманғалиевтің немересі, Астана қаласы өнер академиясының доценті, музыка зерттеушісі, ғылыми - өнер кандидаты Меруерт Құрманғалиева және інісі Асылбек Бисенбаев арнайы келді.

 

Ұлттық өнерді ерекше құрметтейтін көрермендер дәстүрлі әншілердің орындауындағы Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерімен қоса халық әндерін тыңдап, рухани кештен ерекше әсер алып, қанаттанып тарқасты.

 

Салт-дәстүріміздің байлығын паш еткен дүлдүл әншіге арналған кеш Мәдениет саласының үздігі Асқар, Асанәлі Көшеровтердің орындауындағы «Сәлем, Қазақстан!» әнімен аяқталды.

 

Суретті түсірген облыстық филармонияның баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему