Ақтау қаласы Ішкі істер Басқармасының құрылуы тарихы және алғашқы бастығы туралы
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласы Ішкі істер Басқармасының құрылуы тарихы және алғашқы бастығы туралы

25 Октября 2016 (17:54) | 4432 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті Ақтау қаласы ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары қамтамасыз ететіні белгілі. Шаһар тұрғындарының тыныш ұйқысы мен алаңсыз өміріне жауапты құқық қорғау органының құрылу тарихы, оның алғашқы басшысы жайлы не білеміз? Осы сауалға жауап іздеп, қалалық ІІБ-на бас сұқтық. Сол кезде мынадай мәліметтерге қанықтық.

Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ және Жезқазған облыстарын құру туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы 1973 жылы наурыздың 20-шы жұлдызында қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ облысы орталығы Шевченко қаласы болып өмір сүре бастады.

      Маңғыстау ішкі істер басқармасы, 1973 жылы құрылды. Ішкі істер басқармасының алғашқы бастығы болып полковник Иван Никитович Брагин тағайындалды.         

      Ақтау қаласы ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Раушан Гайсина:   

       - Облыстың Ішкі істер департаменті Ақтау, Жаңаөзен қалалық, Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімдерінен тұрады. Департаментке сонымен қатар 35 дербес басқарма, бөлім, бөлімше, топтар қарасты. 

       Жалпы, облыс департаментінің штатында екі мыңға жуық әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын тәртіп сақшыларының құрамы қызмет етуде.

      Ақтау қаласы ІІБ-ның бірінші бастығы полковник Қанаев Нәрекес Қадырұлы болған.

      Қанаев Нәрекес Қадырұлы 1924 жылы 15 тамызда Гурьев қаласында туылған. Гурьев қаласындағы кешкі орта мектептің 10 сыныбын бітірген. 1961 жылы КСРО ІІМ жоғыры мектебін бітірген. Жалындаған жастық шағы Ұлы Отан соғысына тап келген ол Гурьев қаласындағы дайындау мекемесіне агент болып еңбек жолын бастаған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде 1 жылдай Гурьев қаласындағы «Заготживсырьеда» агент жинақтаушы ретінде тылда қызмет еткен.

     1942 жылы тамыз айында Кеңес Армиясы қатарына шақыртылып, содан 1944 жылға дейін 45-ші атқыштар бригадасының құрамында әскери міндетін атқарған. 1944 жылдан 1 Украина фронтының 54-ші армиясының 929-шы полкі құрамында соғысқа қатысқан.

    Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Гурьев ауылшаруашылық банкінің аға инспекторы қызметінде еңбек жолын бастайды.

     1947 жылдың қыркүйек айында Гурьев қалалық Партия комитетінің жолдамасымен облыстың ішкі істер бөліміне қызметке ауысады. Осы жылдардан бастап шұғыл уәкіл, аға тергеуші, анықтау бөлімшесінің бастығы, аудандық милиция бөлімшесінің бастығы ретінде көптеген жауапты қызметтерді атқарып, 1964 жылдың сәуір айынан 1973 жылға дейін Ақтау қалалық ІІБ-нің бастығы лауазымында болды, -деген Раушан Бекболатқызы әңгімесін одан әрі сабақтай түсті:.

            - 1973 жылы Маңғыстау облысы құрылғаннан кейін, облыстық ішкі істер басқармасының қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды.

       Канаев Нәрекес Қадырұлының ел алдындағы, үкімет алдындағы еңбектері елеусіз қалған жоқ. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен еңбегі үшін «Германиядағы Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен, ал ішкі істер органындағы үздіксіз және тынымсыз еңбегі үшін «Мінсіз қызметі үшін», «Үздік қызметі үшін», «Кеңес милициясына – 50 жыл» медальдарымен және «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, сондай-ақ бірнеше мақтау қағаздары, Алғыс хаттарымен марапатталған. Еңбек сіңірген қызметкер.

     Милиция полковнигі Қанаев Нәрекес Қадырұлының еңбек жолын қуып, үлгі алып, Ақтау қаласы Ішкі істер Басқармасының бастығы лауазымында қызметтерін полиция полковнигі А.Қабылов, полиция полковнигі Қ.Абугалиев, полиция полковнигі Қ.Сармашев, полиция полковнигі А.Досаханов, полиция полковнигі Д.Қойшыбаев атқарған, - деген мәліметтермен бөлісті.

            Қазіргі таңда Ақтау қаласы Ішкі істер Басқармасын полиция полковнигі Ақшауов Болатбек Ысқақұлы басқаруда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему