«Көктем-2019» РКШЖ шеңберінде саланың дайындығы тексерілді
28 Февраля 2019 (09:30) | 1364 | Автор: Нурганым Имашева
Облыстық ТЖ Департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 ақпанда шұғыл әрекет ету жасағының жеке құрамның және күш құралы дайындығы тексерілді.
Маңғыстау облысы бойынша су басу кезеңінің өтуі тұрақты болып қалады. Облыс бойынша қар қоры жоқ.
Алайда, жыл сайынғы тәжірибеден ала отырып, сонымен қатар көптеп жауған жаңбырдан су басу қауіпін алдын алу бойынша, «2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы республикалық командалық –штабтық жаттығу шеңберінде, қалалар және аудандар әкімдіктері дабыл бойынша шұғыл әрекет ету жасағының жинау, тұрғызу және қарау, дайындығы тексеріледі. Оған жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, мекемелер, ұйымдар және БАҚ қатыстырылды.
Басты мақсат - көктем кезінде өндірістердің, мекемелердің, жергілікті атқарушы органдарының күш-құралдардың тез әрекет етуін тексеру.
Жаттығу мақсатына жетті, тапсырмалар толық көлемде жасалды. Барлық жұмылдырылған күш-құралдар нақты жасалды.
Жаттығуға барлығы 52 дана техника және 120-дан аса адам жұмылдырылды,- деп мәлімдейді облыстық ТЖ Департаменті баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Гүлнар Ходжабекова
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему