Түпқарағанда ұмытылған бұлақтарды зерттеу экспедициясы жүрді
10 Октября 2021 (13:56) | 2065 | Автор: Редакция
Түпқарағанда «Туған елге тағзым» зерттеушілік экспедициясы аясында Маңғыстаудың ұмытылған бұлақ көздерін іздеуге арналған шағын экспедиция өтті. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаяу экспедиция Түпқараған мүйісінен басталып, Тамшалы сайында аяқталды. Зерттеушілер 40 шақырым жолды үш күнде жүріп өтті. Автокөлік жете алмайтын жерлерде орналасқан бұлақтарға химиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедицияға қатысушылардың қатарында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі Біржан Жұмашев, тарих пәнің мұғалімі Армат Дүйсалиев және 11 сынып оқушысы Дәурен Түркпенбаев бар.
«Біздің қатарымызға Түпқараған мүйісінен биология пәнінің мұғалімдері де қосылды. Олар анықталған бұлақтардың суының құрамын зерттеп, сараптама жүргізеді. Осылайша, біз ұмытылған бұлақтармен танысып қана қоймай, олардың құрамын біле аламыз», - деді саяхат жетекшісі Біржан Жұмашев.
Экспедицияның басты мақсаты - зияткер оқушыларды туған өлке табиғатын зерттеуге, ізденуге баулу. Сапардан соң нақты зерттеу жұмысы жазылып, мектепішілік кезеңдерде қорғалады.
«Мен осыған дейін де бірнеше экспедицияға шыққанмын. Сондықтан үш күндік сапар маған өте қызықты болды. Маңғыстау жерінің бұлақтарын зерттеу жұмысына қатысқаныма қуаныштымын»,- деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Дәурен Түркпенбаев.
Жоспар бойынша экспедицияда жолаушылар Түпқараған ауданындағы бес бұлақты зерттеді.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему