Маңғыстаулық төрт балуан Польшадан жеңіспен оралды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 13:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық төрт балуан Польшадан жеңіспен оралды

18 Октября 2016 (19:02) | 1883 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

                Польшаның Олесница қаласында дзюдодан өткен халықаралық турнир мәресіне жетті. Еліміздің намысын абыроймен қорғаған балуандар 5-алтын, 1-күміс және 4-қола жүлдені иеленіп, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына үлкен сый жасады.

 

Олардың арасынан облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 66 келі салмақта белдескен Бауыржан Сағынғалиұлы барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, асығы алшысынан түсіп, алтыннан алқа тақты.

 

Дәл осы салмақта Сұңғат Жұбатқан күміс медальдің иесі атанса, 60 келі салмақта Бауыржан Нарбаев пен 73 келі салмақта «Толқын» спорт мектебінің шәкірті Руслан Мусаев қоланы қанағат тұтты.

 

Балуандарды жарысқа дзюдодан Маңғыстау облысының жастар құрама командасының аға бапкері Рахмет Кетеев пен облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов дайындады.

 

            - Биылғы жыл біздің спорт мектебі үшін толағай табыстарға толы жыл болды. Тек қазан айындағы жетістіктерге тоқталар болсам, қазан айының алғашқы аптасында Семейде өткен ҚР чемпионатында 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Әмірбек Жеңісов Маңғыстау спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында Ел чемпионы атанды.

 

Сол жарыстан 70 келі салмақта Ақниет Тұрдан әйелдер арасында ҚР чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты. +78 келі салмақта Нұрсая Өтеп үшінші орынды олжалап, қола медальдің иесі атанды.

 

Қазан айының екінші аптасында Румынияда самбодан өткен Әлем чемпионатында Бауыржан Сағынғалиұлы мен Сұңғат Жұбатқан қоланы еншіледі. Өскеменде әлем чемпионы Т. Ақтаевты еске алуға арналған дзюдо күресінен халықаралық турнирде Ақниет Тұрдан алтынды, Балнұр Аппазова күмісті және Рамазан Мамаев қоланы қанжығалап, бапкерлердің үмітін ақтады.

 

Сол жеңістерімізді Польшада өткен халықаралық турнирден Бауыржан Сағынғалиұлы, Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Нарбаев жалғастырып, мерейімізді өсірді.

 

Жыл бойына өткен барлық жарыстарға қатысуға мүмкіншілік жасаған облыстық спорт басқармасына және облыстық дзюдо федерациясының басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Спортшыларды жарысқа жоғары деңгейде дайындаған барлық бапкерлер қауымына үлкен алғыс айтамыз.

 

Әрдайым қазақ елінің әнұраны әлемдік жарыстарда асқақтап, көк байрағы желбірей берсін, - дейді облыстық «Жастар» балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

            Жарыс қорытындысында қазақстандық құрама бірінші орынды иеленіп, қазақ елінің мерейін өсірді.

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему