Облыс әкімідарынды балалармен кездесті
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 03:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс әкімідарынды балалармен кездесті

24 Июня 2017 (13:21) | 1782 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың дарынды балаларымен кездесті. Талантты жастар өз жетістіктерін айтып, болашаққа жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, шара аясында жас ғалымдар көрмесі де ұйымдастырылды. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы хабарлайды.

 

 

Білім мен ғылымды қатар алып жүрген өрендер жаңа жоба ойлап тапты. Екі оқушының бірігіп жасаған қондырғысы күн энергиясын бойына жинап, қуат береді. Бүгін олар өнертабысын облыс әкіміне таныстырды.

 

Махамбет Мақсатов, жоба авторы:

-Бұны біз пайдалансақ бұл адамға өте тиімді. Денсаулығына зияны тимейді. Бұны біз Ақтаудың қақ ортасына қоятын болсақ, әрбір өткен-кеткен адамның ұялы телефонын тегін қуаттауға болады.

 

Мырзабек Таңжарбаев, жоба авторы:

-Болашақта осындай жобаларды көбейтіп, қазақ еліне өз пайдамды тигізгіміз келеді.

 

Білекті бірді, білімді мыңды жығады. Бұл осы шараға қатысқан 120 дарынды баланың ұстанымы. Бұлар халықаралық, республикалық олимпиадаларда облыс мерейін үстем еткендер. Түрлі додаларда топ жарып жүрген жанның бірі №13 гимназияның оқушысы Римма Отызбаева. Биылғы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиададан 3-ші орын иемденген. 10-нан аса сайыстың жүлдегері болашақта тіл мерейін асқақтатқысы келеді.

 

 

Римма Отызбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада жүлдегері:

-Облыс әкімінің дарынды балалармен кездесуіне қатыстым. Марапатталдым. Өте қуаныштымын. Арманың болашақта Қазақстанның ең үздік тіл маманы болу.

 

 

Кездесу барысында оқушылар өз жетістіктерімін бөлісті. Олардың қатарында 6 тіл білетін полиглоттар, спорттық сайыстардың жеңімпаздары, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері бар. Бұлар - Маңғыстаудың мақтаныштары. Ел болашағы.

 

 

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

-Алдымен әке мен шешенің сенімін ақтағандарыңа рахмет айтамын. Болашақта елдің сенімін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Бойларыңызда қаншама рух тұр. Бойларыңызда білімге деген қаншама ұмтылыс тұр. Соның барлығын іс-жүзінде жүзінде жүзеге асыратындарыңа кәміл сенемін.

 

 

Шара соңында жас дарындар облыс әкімінің атынан арнайы марапат алып, естелікке суретке түсті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему