Ақтауда күннен қуат алатын жаңа зауыт салынады
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 06:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда күннен қуат алатын жаңа зауыт салынады

13 Ноября 2015 (14:16) | 1549 | Автор: Мира Ботабекова

Фото с сайта thinkgreen.ru

 

Ақтау қаласында энергияның баламалы көздерін дамыту қолға алынбақ. Шаһарда күн сәулесінен қуат алатын жаңа зауыт салынатын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Маңғыстау облыстық филиалында өткен брифингте қала әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.

 

 

Қуаттылығы 50 мегаватт болатын зауыттың құрылысы инвесторлардың қаражатымен бой көтермек. Электр станциясының жанынан теңіз суын тұщытатын кәсіпорын да қоса тұрғызылады. Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлармен жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылған. 160 гектар жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары да әзірленіп жатыр. «Ақтау қаласы үшін бұл зауыттың маңызы аса жоғары болмақ», - дейді қала басшысы. Өйткені, қазір облыс орталығы солтүстік-батысқа қарай кеңейіп, жаңа шағынаудандар бой көтеруде. Жыл соңына дейін «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 867 тұрғын үйді ел игілігіне беру жоспарланған.

 

Серікбай Трұмов, Ақтау қаласының әкімі:

 -Қазіргі таңда 33-ші шағынауданда 4 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлығы 700-ден астам пәтер салынуда. Бұларды жылдың соңына дейін аяқтап, тапсыруды жоспарлап отырмыз. 283 пәтерін кезекте тұрғандарға бөлеміз. Қалғанын Қазақстанның «Тұрғын үй жинақ банкі» өздері бөлетін болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему