Облыстық балалар ауруханасына тарту жасалды
17 Октября 2016 (17:22) | 2031 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімі құны - 9 миллион тұратын жаңа төрт монитормен толықты. Заманауи жабдықтарды «Асыл бала» республикалық қауымдастығы салтанатты түрде табыс етті.
Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр, облыстық балалар ауруханасының директоры Кәмшат Тұрсынбекова, «Асыл бала» қауымдастығының Маңғыстау облысындағы директоры Гүлбаршын Карабалина мен медицина қызметкерлері қатысты.
Өз кезегінде Марал Қадыр қайырымды жандарға сыйлықтары үшін алғысын айтып, облыстық балалар ауруханасының басшылығы атынан Гүлбаршын Карабалинаға «Алғыс хат» табыстады.
- Мұндай игі істің басында жүрген барлық қайырымды жандарға алғыс айтамыз. Монитор арқылы дәрігерлер балалардың жағдайын толықтай зерттейді. Жүрек қағысын, дем алуын, дене қызуын монитор арқылы біліп ғана қоймай, балаларға диагностика мен ем тағайындауға мүмкіндік алады.
Заманауи құрылғының артықшылықтары көп. Мониторлардың көмегі арқылы аса ауыр жағдайдағы балалардың өмірін сақтап қалуға да мүмкіндік арта түседі, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының директоры Кәмшат Тұрсынбекованың айтуынша, ауруханада бұрын мұндай мониторлардың бесеуі болған. Енді олардың саны бүгінде тоғызға жетіп отыр.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему