Қазақстанның Батыс аймақтарында коронавирус тіркелген жоқ
15 Марта 2020 (10:23) | 1890 | Автор: Нурганым Имашева
Үкімет делегациясының Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарына сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, облыс әкімдеріне жергілікті жерлерде коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.
-Біздің елімізде коронавирустың таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылданғанын білесіздер. Өкінішке қарай, біздің елде коронавирус қаупі туралы ақпарат расталды. Бүгін біздің алдымызда коронавирустық пневмонияға қарсы тұру - маңызды міндет болып тұр,, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Ақтау, Атырау және Ақтөбеде болған сапар барысында Ералы Тоғжанов коронавирустық инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың дайындық деңгейімен және облыстық туберкулезге қарсы диспансерлерінде және жұқпалы аурулар бөлімдерінде болды.
Аурудың алдын алу үшін еліміздің аймақтарында оқшаулануға арналған ауруханалар тағайындалған. Маңғыстау облысында: 60 төсектік Маңғыстау облыстық ауруханасының инфекциялық бөлімі, 280 төсектік облыстық туберкулезге қарсы диспансері (фармацевтикалық аурухана), 70 төсектік Жаңаөзен қаласындағы көпсалалы аурухананың инфекциялық бөлімі. Облыста 7 санитарлық карантин пункті бар.
Атырау облысында барлық медициналық нысандар да іске қосылды, шекаралық карантин бекеттері орнатылды, медицина қызметкерлері оқытылып, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, аймақта желдетудің 12 механикалық құрылғысы және 100 орындық оқшауланған ғимарат бар.
Ақтөбе облысында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары аясында да қажетті шаралар қабылдануда. 130 кереуетке арналған төсек қоры, модернизацияланған материалдық-техникалық базасы бар инфекциялық аурухана, 200 орындық фармацевтикалық аурухана, 500 орындық обсервация жасалды. Мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлері оқытылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қажетті дәрі-дәрмектердің қорын сақтау және медициналық ұйымдарды қажетті медициналық жабдықтармен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, инфекциялық ауруханалардың пациенттерді қабылдауға ертерек дайындығы мен қажет болған жағдайда қосымша орындармен жедел қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылады.
Үкімет делегациясының жұмыс сапары Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жалғасады.
Еске салайық: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министрдің басшылығымен елдегі экономикалық жағдайдың дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу үшін жедел әрекет ету штабы құрылды.
Мемлекет басшысы Үкіметке халық алдындағы барлық міндеттемелерді толығымен орындауды, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды.
13 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация елдің Батыс аймақтарына аттанды.
Суреттер обпыс әкімдігінің баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему