Маңғыстаулық тәртіп сақшылары көлігіне жалған мемлекеттік белгі таққандардың біразын анықтады
5 Февраля 2019 (09:35) | 1932 | Автор: Нурганым Имашева
2019 жылдың қаңтар айының 01 мен 31 аралығында Маңғыстау Полиция департаментінің ӘПБ Әкімшілік практика бөлімімен облыс бойынша ӘҚБтКодексінің 590-бабы 4-бөлігімен (көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар көлік құралын басқару) ЖҚЕ бұзушылықтың 6 фактісі тіркелді, соның ішінде Жаңаөзен қаласы бойынша-2, Бейнеу ауданы бойынша-1, Мұнайлы ауданы бойынша-2, ЖПҚ ЖППР бойынша-1.
1) 04.01.2019 жылы сағ. 11.05.-те Жаңаөзен қаласы Бейбітшілік көшесі тас жолында Жаңаөзен қаласы тұрғыны, «Ваз-21112» маркалы автокөлігіне R647MDM жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарып, жол ережесін бұзған. Автокөлік арнайы айыптұраққа жабылды.Аталған R647MDM жалған мемлекеттік белгісі 2012 жылы Тіркеу емтихан бөлімінен есептен шығарылған және де құқық бұзушының атында 89 мың 282 теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бар екені анықталды.
2) 11.01.2019 жылы сағ.17.30-да Жаңаөзен қаласы Самал шағын ауданында Жаңаөзен қаласы тұрғыны «Опель вектра» маркалы автокөлігіне R489CDM жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарып, ӘҚБтКодекстің 590-бабы 4-бөлігімен жол ережесін бұзған. Аталған R489CDM жалған мемлекеттік белгісі 2002 жылы Тіркеу емтихан бөлімінен есептен шығарылған және де құқық бұзушының атында 63 мың 871 теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бар екені анықталды.
3) 05.01.2019 жылы сағат 12.50-де Мұнайлы ауданы «Айшат» мейрамханасына қарсы тас жолда Мұнайлы ауданы тұрғыны, «Газель» маркалы автокөлігіне R130HPM жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарып, жол ережесін бұзған. Автокөлік арнайы айыптұраққа жабылды. Құқық бұзушының төленбеген айыппұлдары жоқ.
4) 09.01.2019 жылы сағ.11.50-де Мұнайлы ауданы Атамекен елді мекеніндегі тас жолда аз.Н.К.Ж. 1979 ж.т., Басқұдық ауылының тұрғыны, «Даеwoo Nexia» маркалы автокөлігіне 397ASA12 жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарып, жол ережесін бұзған. Автокөлік арнайы айыптұраққа жабылды. Құқық бұзушының төленбеген айыппұлдары жоқ.
5) 13.01.2019 жылы сағ.06.10-да №20 Шеп бекетіне қарсы тас жолда Маңғышлақ селосының тұрғыны, «Даеwoo Nexia» маркалы автокөлігіне R716LUM жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарып, жол ережесін бұзған. Автокөлік арнайы айыптұраққа жабылды. Құқық бұзушының төленбеген айыппұлдары жоқ.
6) 26.01.2019 жылы сағ.16.00-деБейнеу ауданы Бейбарыс көшесінің тас жолында Бейнеу ауданының тұрғыны, «Даеwoo Nexia» маркалы автокөлігіне 625EVA12 жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарып, жол ережесін бұзған. Автокөлік арнайы айыптұраққа жабылды. Құқық бұзушының төленбеген айыппұлдары жоқ.
Аталған құқық бұзушылық деректері бойынша барлық әкімшілік істер мамандандырылған әкімшілік сот органдарына шешім қабылдау үшін жолданды.
ПД Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген ПД Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему