Әкем, анам, мен – спорттық отбасы!
26 Сентября 2016 (20:07) | 4694 | Автор: Нурганым Имашева
Жақында елімізде аталып өткен Отбасы күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің отбасылары арасында жуырда «Әкем, анам, мен-спорттық отбасы!» атты спорттық байқау ұйымдастырылды. Бұл туралы біздің редакциямызға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова хабарлады.
Мерекелік іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде қазылар алқасының төрағасы – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Мұханбетов Манарбек Хамидоллаұлы:
- Барлығы біледі, дене шынықтырумен айналысқанның пайдалы екендігін, қалай шыңдалу, жаттығу жасау, таза ауада жүру керектігін білеміз, бірақ ертерек тұрып, азғантай жаттығу жасауға - өзімізді соған бейімдеу қиын. Біз оның барлығын «кейін» деп кейінге қалдырамыз.
Ал енді, бәріміз, отбасыларымызбен шұғылдансақ қалай болады?. Мүмкін, сонда жеңіл болар?! Әсілі, спортта кімнің ұтатыны маңызды емес, бастысы, біздің барлығымыз мерекелік көңіл күймен, жүректің жылуымен, отбасылық татулықтың, ауызбіршіліктің атмосферасын және мейірімділіктің, өзара сыйластықты, отбасылық ынтымақты сезіну.
Есімізде болсын, егер біз бәріміз бірге болсақ, біздің өмірлік қиындықтан өтуіміз оңай болады. Мен командаларды адал спорттық тартысқа шақырамын, барлығыңызға сәттілік тілеймін! - деді.
«Осы жылы байқауға 4 отбасы қатысты. Командалардың өздерін таныстыруы – сәтті шықты: жалынды және ұйқастары келісті жыр жолдарымен өрілген өлең жолдары арқылы көрермендер қатысушы «Қыран» (ТЖД тобы), «Шаңырақ» («ӨС және АҚЖҚ»ММ тобы), «Достық» («ЖҚЖ» ММ тобы), «Денсаулық» («АМО» ММ тобы) командаларымен танысты. Ал, содан кейін отбасылық топтар жарыстарын бастап кетті.
Командаларға ұсынылған түрлі сынақтардан өту барысында тек қана жүгіру мен секіруден ғана емес, сонымен қатар, өздерінің спорттық дайындықтары және қисынды ойлау қабілеттерін көрсетуден де сынға түсуге тура келді. Байқау аналар үшін де оңайға түспеді: өздерінің спортщылық қабілеттерін таныту үшін нағыз тартыста жарысу керек болды. Барлығының да аяқтарына қапшық киіп алып, секіріп жарысу арқылы, мәреге бірінші болып жетуге тырысуына тура келді.
Ал доппен эстафета сайыстың ең қызықтысы болды. Энтузиазмның эоғары деңгейде болуынан кейде жарыс барысында лақтырылған доптар белгіленген жерден алысқа ұшып кетіп жатты. Жарыстың барлық қызықты кезеңдері қарбалас тартыспен өтті.
Қолдаушылар және көрермендер сайыстың жүру барысын ризашылықпен, жақсы көңіл-күймен бақылады және отбасылық командаларға қызу қолдау көрсетіп, жанкүйер болды.
Қазылар алқасы жарыс қорытындыларын шығарғанға дейін, өнерлі Департамент қызметкерлері барлық қатысушыларды және көрермендерді әуелете салған әндерімен қуантты.
Байқаудың қорытындысы бойынша: I орынды «Шаңырақ» командасы Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ - Жұмабековтер отбасы жеңіп алды; II орын - «Достық» тобы -Маңғыстау облысы ТЖД «ЖҚЖ» ММ – Құлжабаевтар отбасына бұйырды; III орынға:- «Қыран» командасы, Маңғыстау облысы ТЖД – нің Абдул отбасы тобы және «Денсаулық– «АМО» ММ-нің Елтаевтар отбасылық командалары лайық деп танылды..
Командалар ТЖ Департаментінің дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен жолданған хабарламада..
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему