Қазақстанның Президентіне берілген сыйлықтар Ақтауда
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 18:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстанның Президентіне берілген сыйлықтар Ақтауда

24 Сентября 2016 (15:17) | 1909 | Автор: Нурганым Имашева

 

22 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылу салтанаты болды.

 

Алғаш рет Маңғыстау облысының тұрғындарына музей қорындағы заттық жәдігерлер топтамасы - сағаттар коллекциясы ұсынылып отыр.

 

Көрмені шынмәнінде бірегей деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат өнерінің биік шыңына жеткен 50 әр түрлі және сирек кездесетін туындылар ұсынылған. Музей қорында алуан түрлі сағаттар тоатамасы жиналған – қол және қалта сағаттары, үстел және қабырға, еден және камин сағаттары.

 

Коллекцияның негізін Н.Ә.Назарбаевқа әр жылдарда Қазақстан халқына, оның Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысына деген айырықша құрметтің белгісі ретінде табыс етілген дипломатиялық сыйлықтар құрайды. Бағалы металдан жасалған сағатты Иран Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына сыйға беріпті. Сондай - ақ көрме жәдігерлері арасында белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің де қол сағаты бар. Оны Елбасыға композитордың жары Дариға Тілендиева бір кездесу кезінде тарту еткен.

 

Бүгін көрмені алғаш болып қала әкімі Серікбай Тұрымов тамашалады. Жәдігерлердің тарихын біліп, қызығушылық танытты.

 

Көрмеде сағат өндірісінің типтік өнімдерімен қатар, сирек әрі бірегей туындылары қойылған. Көрмедегі жәдігерлердің арасында сыйға берушілердің арнайы тапсырмасымен жасалған түрлі механикалық, кварцты және электронды сағаттар, 3000 жылдарға есептелген күнтізбелі және басқа да көптеген сағаттар айырықша көзге түседі.

 

Күләш Ақтаева - ҚР тұңғыш президенті мұражайы директорының орынбасары:

-   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап біз осындай ерекше көрмені Маңғыстауға әкеліп отырмыз. Ерекшелігі – ол, әрине, Елбасының жеке заттарынан бастап, қызмет барысында табыс етілген сыйлықтарды әкеліп отырмыз. Мұражай қызметкерлерінің жұмысының нәтижесінде осындай сағаттар коллекциясын зерттеу, көпшілікке насихаттау үшін біраз жұмыс атқарылды. Сол жұмыстың нәтижесін көрсетіп жатырмыз.

 

 

 

Сағат адамның күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Алғашқы сағаттардың пайда болуының бірнеше мың жылдық тарихы бар. Уақытты өлшейтін алғашқы қарапайым құрал – күн сағаттарын шамамен 3,5 мың жыл бұрын вавилондықтар ойлап тапқан. Алайда бұл сағатттар тек күндізгі уақытта ғана жұмыс істегендіктен, түнгі уақытта олардың орнына гректердің клепсидра атты су сағаты пайда болған. Құм сағаттары салыстырмалы түрде жақында пайда болды – осыдан мың жыл бұрын.

 

Механикалық сағаттар шықпас бұрын от сағаттары да кеңінен таралған болатын. Алғашқы механикалық сағаттардың пайда болу уақыты нақты белгілі емес. Бұл жөніндегі ең ескі ескертулер Х ғасырға жатады.

 

Механикалық сағатты құрастырушы Рим Папасы Сиьвестер ІІ болып саналады. Сағат тарихындағы атаулы даталардың бірі 1657 жыл – голландтық ғалым Христиан Гюйгенс маятнигі бар алғашқы механикалық сағатты жасап шығарды.

 

1937 жылы Льюис Эссен ойлап тапқан тұңғыш кварц сағаты жасалды. ХХ ғасырдың екінші жартысында электрондық сағаттар дәуірі келді. Сағат өнеркәсібінің әрі қарай дамуына физик-атомшылар түрткі болды.1949 жылы бірінші атом сағаттары құрастырылды. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тұрмысқа сұйық кристалды дисплейі бар сағаттар енді. Қазір «эталондық» болып табылатын аса дәл атом сағаттары бар.

 

Көрмені тамашалауға Маңғыстау туризм колледжінің студенттері мен «Қайнар» аула клубының тәрбиеленушілері келді.

 

Тұңғыш Президент атындағы мұражай жәдігерлерінен тұратын «Уақыт құдыреті» көрмесі Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған. Сонау Астанадан ат арытып, арнайы келген көрме Маңғыстау тұрғындары үшін 2016 жылдың 22 қыркүйек - 25 қазан аралығында жұмыс істейді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему