Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған басқосу
20 Сентября 2016 (17:09) | 2795 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық –қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» атты тақырыпта сұхбат алаңы өтті. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұршат Өтеулиева хабарлады.
Аталған шараға Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Калпаков, Маңғыстау облыстық Азаматтық альянс ЗТБ президенті Жібек Ахметова, сот қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны өткізудегі негізгі мақсат - мемлекеттік органдардағы жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы және ондағы кадрлық мәселелердің шешілуімен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдарын жан-жақты түсіндіру.
Сұхбат алаңы барысында Азаматтық альянс ЗТБ президенті Жібек Ахметова:
- Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Сондықтан, Елбасымыз ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдады. Аталған стратегияны халыққа насихаттау мақсатында облысымыздағы ауыл-аймақтарды араладық. Мемлекеттік қызметкерді жұмысқа қабылдауға бақылаушымыз, ашық келісім бастамашысымыз», - деп атап өтті..
Сондай-ақ, шарада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Жұмабай Ербол «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәлдениетті қалыптастыру бағытында ашық келісімнің талаптары» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол облыс көлемінде осы бағытта атқарылған жұмыстар барысымен таныстырып, қатысушыларды сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларына белсенді қатысуға шақырды.
Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары А.Калпаков өз сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында сот жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерiстерді, оның ішінде барлық сот залдарының дыбыс-бейнежазба құрылғыларымен толық жабдықталғандығын, соттардағы заманауи технологияларды қолданудағы мүмкіндіктер және соттағы кадр мәселесі туралы түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисі облысымызда кеңінен қолданылуда. Мәселен, өңіріміздегі соттарға 2016 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша барлығы 14305 талап арыз түскен, оның ішінде «Сот кабинеті» арқылы тіркелген талап арыздар саны 10785 (75,3 пайыз). Мемлекетімізде күн сайын Елбасымыздың қолдауымен жасалынып жатқан әрбір игі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың игілігі үшін,-деп сөзін қорытындылады А.Калпаков.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді, мұндай шаралардың жиі өткізу қажеттілігі жөнінде айтылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему