Басқұдықта тігін фирмасы ашылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Басқұдықта тігін фирмасы ашылды

19 Сентября 2016 (18:47) | 4080 | Автор: Нурганым Имашева

 

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылы күн санап көркейіп, ауыл көлемінде кәсіпкерлік қанатын кеңге жайып келеді. 30 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда 165 шағын кәсіп иелері тұрақты жұмыс жасап, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Олардың қатары енді тігін фирмасымен толықты. Қазақы ою-өрнекпен безендірілген көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар дайындайтын тігін фирмасы 12 адамды жұмыспен қамтыды.

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие алып, мемлекеттің қолдауына ие болып отырған тігін фирмасының ашылу салтанатына Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық округінің әкімі Нуфтолла Қаржаубаев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының бас менеджері Жанар Ермаханбетова, «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова қатысып, ақжарма тілектерін ағытты.

 

- Басқұдықта кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасалған. Ауылымыздағы 165 шағын кәсіпкерлеріміз үш мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінгі ашылып отырған тігін фирмасынан бөлек жақын күндері көп салалы дүкін жұмысын бастайтын болады. Ауыл тұрғындарының игілігі жолында жұмыс жасайтын тігін фирмасына сәттілік тілеймін. Кәсіпкерлік саласы көркейіп, ауылымыз өсіп, өркендей берсін,-деді өз сөзінде Нуфтолла Қаржаубаев.

 

Тігін фирмасы заманауи технологиямен жабдықталған. Құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен шетелдерден алынған. Айына 20-25 қыз жасауын дайындайтын фирма алдағы уақытта мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауға ниетті.

 

- Мен Жамбылдағы жоғары оқу орнын бітіріп, инженер-технолог мамандығын алып шыққаннан кейін, алғашқы еңбек жолымды «Жамал-ай» тігін фабрикасында бастадым. 20 жылдай сол жерде еңбек еттім. Кейін 2011 жылы жеке кәсіпкерлікпен айналысуға бет бұрып, кәсібімді аштым. Алғашында үш тігіншім болды. Ақтау қаласынан шағын ғимаратты жалға алып, жұмыс жасадым. Уақыт өте келе мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы субсидия алып, Басқұдық ауылдық округінен сатып алған жерге ғимарат тұрғыздым, ішіне замануи тігін құрал-жабдықтарын сатып алдым. «Халық банкінен» 16 %-бен алған 15 млн.теңге несиемнің тек ғана 6 %-ын мен төлейтін боламын. Бүгінгі таңда өзіміздің облысымыздан бөлек Атырау, Ақтөбе облыстарынан тапсырыс берушілеріміз бар. Алдағы уақытта Ақтөбе, Құлсары қалаларынан өзіміздің орталықтарымызды ашуды жоспарлап отырмыз,-деді шараның ашылуында сөз алған тігін фирмасының директоры Баян Абдулаева.

 

Жұлдыз Түсбаеваның мамандығы - тігінші. Бала тәрбиесіне байланысты  жұмыссыз отырған ол ауылда тігін фирмасының ашылатынын естіп, жұмыс іздеп келіпті. Бірден қабылданғанын айтады.

 

- Үй тұрмысына қажетті барлық бұйымдарды дайындаймыз. Маған қыз жасауын жасау, құрақ көрпе тігу тапсырылған. Жалпы тігіншілікпен айналысу маған әжемнен дарыған жақсы қасиет десем де болады. Кішкентайымнан әжемнен, анамнан тігін тігуді, құрақ құрауды көріп өстім. Бүгінгі таңда тігін фирмасына жұмысқа орналасып, тұрақты жұмысымның, уақыты төленетін айлығымның нәтижиесінде отбасымды асырайтын боламын, - дейді Жұлдыз Түсбаева.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему