Ұлттық спортты ұлықтаған ұстаздар марапатталды
7 Сентября 2016 (17:42) | 2774 |
Автор: Нурганым Имашева
Облыста ұлттық ойынды дәріптеп жүрген бірқатар ұстаздар семинар-тренинг аясында марапатталып, арнайы дипломадрға ие болды.
Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен «Облыстық тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Облыстағы тоғызқұмалақ спорт түрінен жаттықтырушы, қосымша білім педагогы мен дене тəрбиесі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген шараға аймақтағы мектептерден барлығы 58 педагог қатысып, шеберліктерін шыңдады.
- Республикалықсеминарконференцияаясында 72 сағаттықдәрістыңдап, тәжірибежинағаныүшін, мамандарғасертификаттапсырылды. Жалпы шараға Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарынан жəне Жаңаөзен, Ақтау қалаларынан 58 маман қатысып, арнайы республикалық тоғызқұмалақ спорты федерациясының сертификатына ие болды.
Семинарда дәріс оқу үшін дүниежүзлік тоғызқұмалақ федерациясы төрешілер комитетінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымының кандидаты Нұрлан Мамиев, Қостанай қаласындағы ҚР тоғызқұмалақ спорты федерациясының төрешілер комитетінің басшысы Мейрамқұл Ноғайбаев, Алматы қаласынан жəне Астана қаласынан келген «ҚР тоғызқұмалақ спорты федерациясы» ЗТБ-нің атқарушы директоры, халықаралық дəрежедегі спорт шебері Серік Ақтаев арнайы келіп, тәжірибиелерімен бөлісті.
Осы семинарда мұғалімдер арасында өткен турнирде мықты ойын көрсеткен ұстаздар да Маңғыстау облыстық тоғызқұмалақ федерациясының дипломымен жəне ұлттық ойынды облыс өңірінде дамытып, насихаттап жүрген ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.
Айта кету керек, өңірімізде мектептерде оқушыларды тоғызқұмалақтан дайындайтын арнайы үйірмелер жұмыс жасайды. Соның нәтижесінде облыстық, республикалық жарыстарға аймақ атынан қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген ойыншыларымыз да көп. Ал, оларға дәріс беріп жүрген ұстаздардың білімін жетілдіріп отыру-біздің міндетіміз,-дейді облыстың тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Гаухар Жакиева.
Фото автора
Зарегистрируйтесь или войдите в систему