Француздар Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындарына тұщы су жеткізіп бермек
1 Апреля 2017 (20:30) | 2301 | Автор: Мира Ботабекова
Франциялық кәсіпкерлер Қазақстанға салатын инвестицияны көбейтеді. Бұл туралы Парижде өткен іскерлік кездесуде еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Бұл туралы «Хабар24» тілшілері жазады.
Қазақстан жаңғыртудың үшінші кезеңіне қадам басты. «Біздің елге қаржы құйып, жаңа жобаларды жүзеге асырам деген шетелдік бизнес өкілдеріне барынша қолдау көрсетіледі», - деді министрлік басшысы.
Француздық іскер азаматтардың Қазақстанға қызығушылығы басым. Олар әсіресе Маңғыстау облысында теңіз суындағы тұз мөлшерін азайтуға қатысты инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті.
Сонымен қатар елдің ең алдыңғы қатарлы компаниялары «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесінде өз жұмыстарын көрсететін болады.
Ив-Луи Даррикаррер, Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы:
- Қазақстан мен Франция арасындағы бизнес әріптестік өте жоғары деңгейге жетті. Сіздің елге біздің бизнесмендер құйып жатқан инвестиция көлемі барған сайын артып келеді. Бұл екі жаққа да тиімді. Іскерлік байланысымыз арта түсетініне сенімдімін.
Оливье Клозен, Veolia компаниясының коммерциялық директоры:
- Біздің Қазақстанға келгенімізге 6 жыл болды. Ақтауға суды тазартуға қажет құрал-жабдықтар жеткіземіз. Қазір екі жобамыз бар. Соларды жүзеге асырсақ деп жоспарлап отырмыз. Екеуі де сумен қамтамасыз етуге қатысты. Тіршілік көзін үнемдей отырып, Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындарына, өндірістік орындарына тұщы су жеткізіп берсек дейміз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему