Жаңа жобалар таныстырылды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 19:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа жобалар таныстырылды

5 Сентября 2016 (17:22) | 2026 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстауға арнайы іс-сапармен келген ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Болат Тазабеков құқық қорғау органдарының басшылары, прокуратура қызметкерлерімен, кәсіпкерлермен және қала тұрғындармен кездесті. Жиын барысында ол Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында алда тұрған мақсат-міндеттерді түсіндіріп, Бас прокуратураның қолға алуымен іске асырылатын 30 жобамен таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

 

Комитет төрағасының орынбасары: «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» 32-ші қадамына сәйкес ел бойынша «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталы құрылып, қолданысқа енгізбек. Тұрғындарға қолжетімді болатын бұл онлайн Карта-елдегі қылмыстық ахуалдың алдын алуға өз септігін тигізбек», деп мәлімдеді.

 

ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Болат Тазабеков:

Интернет порталды құрудағы басты мақсат - құқық қорғау құрылымдары қызметінің жариялылығын арттыру, қылмыстық көріністерге төзбеушілік таныту, сонымен қатар, заңдылықтың сақталуы бағытындағы шараларды бақылау болып табылады.

Жаңа жүйені құрылымдау жұмыстары қазір аяқталуға жақын. Жоспар бойынша, карта қазан айының алғашқы аптасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазіргі таңда карта еліміздің бас қалаларында жасақталып болды, бүгінгі таңда аудандарда жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Барлық тұрғындар өзінің тұрған мекенжайы бойынша қылмыстық ахуалмен карта арқылы таныса алады. Сонымен қатар, педофильдер бойынша да бөлек карта жасақталды,-деді.

Сондай-ақ, кездесу кезінде құқық қорғау органдарына халық сенімін арттыру бағытында Бас Прокуратураның қолға алуымен әр түрлі бағытта 30 жобаның жасақталғаны жөнінде де айтылды. Оның 12-сі инновациялық бағыттағы жобалар екені белгілі болды.

Мм-Бұл жобалардың барлығы-әр адам өзінің құқығы мен мүддесін қорғауы үшін жасалған. Қазір кез келген адам үйінде отырып интернет арқылы арыз-шағымдарын бере алады. Толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, айыппұлымен де Бас Прокуратураның сайты арқылы таныса алады.

Арыз-шағымының орындалысы туралы интернет арқылы танысып, істің қандай деңгейде екенін де біле алады. Жаңа жобалармен тұрғындардың біздің сайт арқылы танысуына болады. Олардың ішінде «Бизнес тірегі», «Шектеу», «Айқын» жобалары бар,- деп мәлімдеді Болат Тазабеков.

 

Жалпы жыл басынан бері Маңғыстау облысында тұрғындар тарапынан құқық қорғау органдарына 53 мыңнан астам арыз-шағым түскені белгілі болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,4%-ға төмен. Сонымен қатар, 2016 жылдың өткен сегіз айында өңірде 5404 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему