Маңғыстаулық құтқарушылар мерекеге орай лайықты марапатқа ие болды
5 Сентября 2016 (17:18) | 2123 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдығы тойланған мереке қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында мерекелік шара өтіп, оның барысында сөз алған Департамент басшысының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Камалов Рамиль Фаткулович жиылғандарды мерекемен құттықтап, Ата Заңның еліміз дамуындағы алар орны жайлы атап өтті.
Атаулы күнге орай қызметте жетістікке жеткен бір топ сала қызметкерлері мен мамандары Департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында ведомстволық мекемелер мен Маңғыстау облысы ТЖД қарасты «Жедел құтқару жасағы» Мемлекеттік мекемесі құтқарушыларының көмекшілері де болды.
Сонымен қатар, Департамент басшылығы құтқарушыларға көмекші болған, суға батқан адамдарды құтқару ісіне қатысқан ерікті құтқарушылар-ержүрек азаматтарды да назардан тыс қалдырмай, олардың ерліктеріне ризашылық білдірумен қатар Алғыс хаттарын да табыстады. Мұндай марапатқа ие болғандар қатарында қос ерікті құтқарушы жасөспірім де бар. Олар – балалар үйінің тәрбиеленушісі Юни Мамергов пен Ақтау Политехникалық колледжінің студенті Фараби Пернебаев. Ержүрек жас құтқарушылар 4-ші шағынаудан жағалауында суға батып бара жатқан балаға көмек қолын созып, оны ажал аузынан аман алып қалған.
Айтулы мерекеге орай ТЖ Департаменті тарапынан бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылған. Олардың қатарында түрлі спорттық жарыстар, облыстық әмбебап кітапханадағы кездесулер, «Өрттен құтқару және авариялық-құтқару қызметі» ММ-нің мұражайындағы балғындарға арнап өткізілген «Мектепке жол» акциясы аясындағы тақырыптық кездесу де өтті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему