Облыста 21 мектеп үш тілде білім береді
12 Марта 2017 (17:36) | 2158 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысындағы 21 мектепте үш тілде білім беріле бастады. Пилоттық жоба сынақтан өткізіліп жатыр. Үш тілде білім беру үшін алдымен кадр мәселесін шешу керек осы бағытта обылыс мектептерінің 600 мұғалімі ағылшын тілі курсынан өтті. Олардың дені химия, физика, биология, информатика және ағылшын тілінің оқытушылары. Бұл 21 мектепте сабақ жүз пайыз ағылшын тілінде өткізілмейді. Тек кейбір терминдер ғана шет тілінде түсіндіріледі. Үш тілді оқытудың мақсаты - бірнеше тілді меңгерген тұлға қалыптасыру. Ал, облыстағы өзге де мектептерге үш тілді білім беру әдісі кезең- кезеңімен енгізілмек.
Гүлмира Мамаева, МО білім басқармасы оқу әдістеме жөніндегі орынбасары:
-Үш тілде оқыту 2019-2020 оқу жылында жаңартылған оқу маусымына көшеді. Оның ішінде 9-сынып бітірген балалар жаратылыстану және гуманитарлық бағытты таңдайды. Осы кезде жаратылыстану бағытын таңдаған оқушыларға 4 пән таңдауға беріледі ағылшынша оқыту бойынша. Бірақ оқушы тек екі пәнді таңдайды. химия, биологияны немесе физика, информатиканы. Бүкіл пән ағылшын тілінде оқытылмайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему