Аймақта 6 айда 61,627 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды
12 Августа 2016 (16:56) | 2490 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Аяпов Орақ Махмұтұлы мәлімдеді.
Сала жетекшісінің баяндауынша, «2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 400, 859 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді және бұл көрсеткіш өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 46,8%-ға артық болып табылады».
Аймақтық құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, «2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 61,627 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы 650,0 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда, соның ішінде:
- Ақтау қаласында жалпы көлемі 25, 462 мың шкаршы метрді құрайтын төрт 120-пәтерлі тұрғын үй (оның ішінде үш 120-пәтерлі кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй, бір 120-пәтерлі – Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ Банкі салымшыларына және кезекте тұрғандарға арналған несиелік тұрғын үй);
- Бейнеу селосында жалпы көлемі 1,080 шаршы метрді құрайтын 16 пәтерге арналған 4 тұрғын үй
- Маңғыстау ауданының елді мекендерінде жалпы көлемі 1,350 - шаршы метрді құрайтын 20 пәтерге арналған 5 тұрғын үй;
- Қарақия ауданының Болашақ селосында - жалпы көлемі 0,675 - шаршы метрді құрайтын 10 пәтерге арналған 5 тұрғын үй;
- Қызыл сай кентінде жалпы көлемі 0,675 - шаршы метрді құрайтын 8 пәтерге арналған 2 тұрғын үй.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жетібай кентінде 280 орындық балабақша және Бейнеу селосында 900 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды»
Орақ Махмұтұлы:
- 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жоспарланған 2 млрд. 226 мың теңгенің 1 млрд 910 мың теңгені құрайтын қаржысы игерілді, немесе 85,8 %-ы. оның ішінде республикалық бюджеттен 2 млрд. 52 млн. теңге.-орындалуы 1 млрд 739 млн теңге.
Жергілікті бюджеттен 174 млн. теңге қаржы бөлінген, орындалуы – 170 млн. 100 мың теңге немесе 98% -ды құрап отыр. Аймақта биылғы жылы салынатын құрылыс нысандарына 1 млрд. 775 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 250 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 570 млн теңге.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Жаңаөзен қаласында «Арай» шағынауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Келесі жылы ол құрылыс аяқталады.
Ағымдағы жылдың 6 айына жоспарланған 1 млрд. 174 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. Денсаулық сақтау саласының нысандарына тоқтала кетсек, Ақтау қаласындағы «Ана мен бала» орталығының құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд. 230 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі 6 айдың қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес, аталған соманың 1 млрд. 50 млн. теңгесі ғана игерілді, - деп мәлім етті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему