Жас атлет Якутиядан жүлдемен оралды!
1 Августа 2016 (22:46) | 2021 | Автор: Нурганым Имашева
Якутияда өткен Азия балалар ойындарында тағы бір жерлесіміз жеңіске жетіп, туған еліне жүлдемен оралды. Алтыншы рет халықаралық деңгейде өткен жарыста балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің шәкірті, жас атлет Арина Мишеева күміс медальдің иесі атанды.
Төрт жылда бір рет өткізілетін Азия балалар ойындары сынды дүбірлі додаға 45 мемлекеттен ең мықты деген 3000-ға жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынаған болатын.
14 жасар желаяқ қыз Арина Мишеева:
[quote] Жарыста үш түрлі жүгіруден бағымды сынадым. 20-дан астам атлеттің арасынан дараланып шығып, жүлделі орынды иеленгеніме өте қуаныштымын. Жаттықтырушым менен бұдан да жақсы нәтижие күткенін білемін. Өйткені, дайындық кезінде көрсеткен уақытым үздік болатын. Алтынды иеленуіме сәл ғана уақыт жетпей қалды. Алдағы уақытта әлі талай жарыстарда топ жарып, елге алтынмен ораламын деген сенімдемін[/quote]
Арина жеңіл атлетикадан бөлек, 2010 жылдан бері полиатлонмен айналысады. Жас спортшы өткен жылы Сочида полиатлоннан өткен Әлем чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатынан да 1-орынды еншілеп, жаттықтырушылар үмітін ақтаған еді.
- Немеремнің халықаралық жарыстан жеңіспен оралып отырғанына өте қуаныштымын. Немерем Арина 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл жаңалығы» аталымымен марапатталып, бәрімізді бір қуантқан болатын. Өзім Ақтау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінде жұмыс жасағандықтан, немеремнің де спортпен айналысып, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленгенін қаладым.
[quote]Сондықтан да оны спортқа өзім жетелеп әкелдім. Арина-болашақта жеңіл атлетикадан белгілі бапкер болғысы келеді және мен оның арманының жүзеге асатынына сенемін[/quote]
Сонымен қатар, Азия балалар ойындарында аталмыш спорт мектебінің шәкірті, жас балуан Нұрбек Қуанышұлы қола медальді жеңіп алып, аймақтың абыройын асқақтатты.
Фото автора
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему