Маңғыстаулық кәсіподақ жетекшілері еңбек дауларын тиімді шешудің әдістеріне оқытылды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық кәсіподақ жетекшілері еңбек дауларын тиімді шешудің әдістеріне оқытылды

3 Марта 2018 (12:21) | 1938 | Автор: Нурганым Имашева

Көктемнің алғашқы күнінде Маңғыстау облысының Кәсіподақтар Орталығында «ҚР Еңбек Кодексі: еңбек қатынастарында қолданудың тәжірибесі» тақырыбында кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және аймақтың ірі өндірістік кәсіпорындарының мамандар бөлімінің инспекторлары, салалық кәсіподақ ұйымдарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.

 

 

Семинарға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Маңғыстау облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков аталған оқытудың маңызына тоқталды:

 

-«ҚР Еңбек Кодексі: еңбек қатынастарында қолданудың тәжірибесі» тақырыбындағы бүгінгі семинарды ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз – еңбек қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді реттеу жолдарын қарастыру, еңбек дауларын шешудің заң аясындағы бағыттарын зерделеу.

 

Еңбек ұжымдарындағы келісім комиссияларының жұмысын реттейтін заңнама талаптарын  талқылау және еңбек шартына қатысты заң нормаларының сақталуына басты назар аудару болып табылады,- деп атап өтті.

 

 

Оқытуды заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының доценті, кәсіби медиатор Гилева Наталья Васильевна жүргізді.

 

Семинарға «Buzashi Оperating» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС, «УТТ және ОС», «ӨзенМұнайСервис», «Мунайфилд Сервис», «Жөндеу» компаниялары,  «Арман»  БК, «МАЭК Қазатомпром» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ-ның және т.б. іргелі кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, жұмыс беруші компаниялардың өкілдері және кәсіподақ мүшелері мен білім беру, денсаулық сақтау және т.б. салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары - барлығы 80 -ге жуық адам қатысты.

 

Оқыту барысында көтерілген тақырыптар қатысушылар арасында қызу талқыланды, көпшілігі өздерін толғандырған маңызды сауалдарын қою арқылы лектор Н.Гилевадан Еңбек Кодексінің кейбір талаптарына сай тұшымды жауаптар алды.

 

«Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Серікбаев Батырғали:

 

-Бүгінгі өтіп жатқан семинар біз үшін өте маңызды, себебі еңбек қатынастарына қатысты заңнаманың талаптарын талқылап, білмегенімізді білікті заңгерден сұрап, заңның баптары қалай қолданылуы тиіс, келісім комиссиясы қалай жұмыс істеуі қажет деген бағыттардағы мәселелер жөнінде толыққанды кеңестер алып жатырмыз. Осындай пайдалы семинарлардың жиі өткенін қалаймыз, - деген пікірімен бөлісті.

 

 

Семинарды жүргізген заң ғылымдарының кандидаты Гилева Наталья Васильевна:

 

- «Кәсіподақтар туралы»ҚРЗаңының 17 бабына сай, біз кәсіподақ жетекшілерін оқытуға міндеттіміз. Сондықтан кәсіподақ жетекшілерін «ҚР Еңбек Кодексін» дұрыс қолдануға, заңнама талаптарын еңбек даулары туындаған кезде, келісім комиссиясы жұмысында біліктілікпен қолдана білуге, кәсіподақ мүшелеріне білікті, дұрыс, заңды тұрғыда сауатты кеңес бере білуге үйрету мақсатында бүгінгі семинар ұйымдастырылып отыр.

 

Қатысушылар саны өте көп болғаны мені қуантады, олар өте белсенді,қызықты сауалдарын қойып, оларға жауап алуға тырысуда, -деген  ойымен бөлісті.

 

Семинар соңында барлық қатысушыларға оқытудан өткенін айғақтайтын сертификаттар табысталды.

 

Cуреттерді түсірген Маңғыстау облысының Кәсіподақтар Орталығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему