Мақсатбек Маханбетов: Жыл басынан бері дін саласында 13 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 10:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мақсатбек Маханбетов: Жыл басынан бері дін саласында 13 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

24 Сентября 2021 (18:31) | 984 | Автор: Редакция

Бұл туралы Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті.

 

Оның айтуынша, діни әдебиетті рұқсатсыз таратқан 3, діни рәсімдерді өткізу талаптарын бұзған 2, мешіттің қызмет жасауына кедергі келтірген 1, әлеуметтік желіде теріс діни материал жариялаған 7 адам жауапкершілікке тартылды.

 

 «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490 бабына сәйкес ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін 13 азамат жауапкершілікке тарылып отыр. Оларға жалпы соммасы - 1 207 638  теңге көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет алу үшін басқармаға 12 өтініш түсті. Оның ішінде ғибадат үйлерін салуға 4, діни іс-шаралар өткізетін үй-жайларды келісуге 2, миссионерлік қызметті жүргізуге 4, діни әдебиетті таратуға орын белгілеуге 2 байланысты түсті»,-деді Мақсатбек Маханбетов.

 

Спикердің айтуынша, 2018 жылдан бастап исламтанушы, дінтанушы, теолог мамандығына облыс әкімінің гранты бөліне бастаған. 2018-2021 жылы аралығында   облыс әкімінің 38 гранты бөлінген. Бүгінде білім гранты бойынша студенттер «Нұр-Мүбарак» университетінде білім алып жатыр.

 

«2018 жылы облыс әкімінің грантымен 12, 2019 жылы 12, 2020 жылы 10 студент «Нұр-Мүбарак» университетінде білім алған. Бүгінде аталған университетте маңғыстаулық 98 студент оқып жатыр, оның 4-уі облыс әкімінің грантын жеңіп алғандар»,-деді Мақсатбек Маханбетов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему