Облыстық стоматология орталығы қос алтынға ие болды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 19:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық стоматология орталығы қос алтынға ие болды

20 Июня 2016 (11:22) | 1984 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық стоматология орталығы еліміздегі кәсіпорындардың үздігі атанды. Орталық Ұлттық бизнес-рейтингінің қос алтынына ие болып, аймақ абыройын арттырды. Ресми есептеулерге негізделген статистикалық саралаудың қорытындысында орталық қос бірдей аталымды, атап айтқанда «Сала үздігі» және «Жалпы салық» аталымын жеңіп алды.

 

Үздік танылған орталықты салтанатты марапаттауы ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған. Ұлттық бизнес-орталығы кешенді халықаралық рейтингтік жоба болып табылады. Ұйым ТМД мемлекеттері мен Кедендік одақта кәсіпорын қызметінің тиімділігіне баға беруші коммерциялық емес, жалпымемлекеттік рейтинг ретінде кеңінен танымал.

 

- Бұл біздің алғашқы жеңісіміз емес, бұған дейін 2014 жылдың қорытындысы бойынша біздің орталық Ұлттық бизнес-рейтингінің күміс жүлдесін иеленіп, «Медицина мақтанышы» аталымымен марапатталған болатын.

 

Бұл жолы біздің орталық 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың Ұлттық бизнес-рейтингісі бойынша 1-орын алып, қос алтынға ие болды. Яғни, «Сала үздігі» және «Жалпы салық» аталымын иеленіп отырмыз.

 

Бұл біздің орталық үшін үлкен жетістік. Оның ішінде медицина саласындағы бюджет саласын жақсы меңгерген, біздің есепшілеріміз Гүлжұма Кубашева, Раушан Джанзақованың еңбектерін ерекше атап өткім келеді, - дейді Маңғыстау облыстық стоматология орталығының директоры Қуат Машырықов.

 

Сондай-ақ, облыс стамотологтары мамыр айының соңғы аптасында Алматы қаласында «Стоматологиядағы ЖИТС жұқпасы проблемалары. Стоматологиядағы инновациялар» тақырыбында өткен стоматолог дәрігерлердің халықаралық конгресіне және стоматологтардың бірыңғай қауымдастығының ІІ съезіне қатысып, біліктіліктерін арттырып қайтты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему