Жыңғылдылық жеткіншектер жарады!
30 Мая 2016 (12:50) | 3513 | Автор: Нурганым Имашева
Жыңғылды спорт интернатының шәкірттері Павлодар облысының Ақсу қаласында өткен ақын, халық композиторы Иманжүсіп Құтпанұлын еске алуға арналған турнирден жүлдемен оралды.
Дзюдодан өткен республикалық турнирде ауылдың жас балуандары Индира Сейітова-алтын, Азамат Ақылбаев, Айбану Әсет қола медальдарды жеңіп алды. Сондай-ақ, футболдан өткен жолдастық кездесуде аталмыш спорт интернатының спортшылары жүлделі екінші орынды иеленді.
Жарысқа спортшыларды ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев, облыстың дзюдодан аға бапкері Талғат Есекенов, бірінші санатты бапкер Ерлан Байысбай дайындады.
-Ақсуда өткен республикалық жарыс 2001-2002 жылы туған спортшылар арасында өтті. Оған республика бойынша 250 балуан қатысқан болатын. Біз спорт интернатынан 7 балуанды апардық, олардың арасынан Индира Сейітова (36 келі салмақта) алтынды, Азамат Ақылбаев (50 келі салмақта) қола және Айбану Әсет (аса ауыр салмақта) қола медальді иеленді.
Одан бөлек спортшыларымыз футболдан өткен жолдастық кездесуге қатысты. Командалық есепте ақсулықтар бірінші орыннан, Жыңғылды спорт интернатының спортшылары екінші орыннан, Семей мен Екатеранбург үшінші орыннан көрінді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Жыңғылды ауылынан балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің филиалы ашылған болатын, бүгінде үш бапкер ауыл балаларын самбо мен дзюдодан жаттықтырудамыз.
Қазіргі таңда ауылымызда 200-ге жуық жеткіншек спортпен айналысып, әр түрлі бағыттағы секцияларға қатысып тұрады. Аз ғана уақыттың ішінде облыстық, республикалық бірнеше жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Шетпеде өткен облыстық ҚР чемпионатынан 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медальдарды қанжығаласақ, Талдықорган қаласында самбо күресінен өткен республикалық жарыста Бекзат Бергенқұл қола медальді және аймақта өткен дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирде 2 балуанымыз алтын, 4-еуі күміс және 8-і қола медальдарды еншілеп, ауылдың мерейін өсірді,-деген Жыңғылды спорт интернатының бапкері Ерлан Байысбай турнир аяқталғаннан кейін оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылғанын айтты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему