Ел қауіпсіздігі – тұрақты дамудың басты кепілі
2 Ноября 2026 (11:12) | 1
|
Автор: Редакция
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдағы даму бағытын айқындап, мемлекеттік органдар мен қоғам алдына маңызды міндеттер қойды.
Президент көтерген ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң үстемдігін нығайту және заманауи технологияларды дамыту мәселелері Ұлттық ұлан қызметімен тікелей үндеседі.
Бүгінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың тыныштығын қорғау. Осы бағытта 5517 әскери бөлімінде жеке құрамның жауынгерлік даярлығын жетілдіру, әскери тәртіпті нығайту және кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, әскери салаға заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану дағдыларын меңгеру – уақыт талабы. Бұл бағыттағы жұмыстар әскери қызметтің тиімділігін арттырып, жауынгерлік қабілеттілікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру – баршамызға ортақ жауапкершілік. Біз, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметімізді абыроймен жалғастыруға, Жолдауда белгіленген тапсырмаларды орындауға және оларды жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз.
полковник Ерік Карибаев 5517 әскери бөлім командирі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz




