Ақтауда жаңадан Taekwondo GTF спорт клубы өз есігін айқара ашты
22 Января 2020 (13:49) | 2265 | Автор: Нурганым Имашева
Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарында салтанатты түрде жаңадан "Taifun" спорт клубының ашылуы өтті. Шараға Маңғыстау облыстық Taekwondo GTF федерациясының президенті, қара белбеу 4-дан иегері Сәттіғұл Әбітов, жас жауынгерлердің ата-аналары және спорт жанашырлары қатысты. Жаңа зал Ақтау қаласындағы 12а ш/а орналасқан.
Қажетті спорттық құрал-саймандар жабдықталған залдың ашылуын ақтаулықтар көптен күткен болатын. Ендігі жерде тәжірибелі бапкерлер балалар мен ересектерге таэквондоның қыр-сырын үйретуге дайын. Алғашқы болып сөз алған "Taifun" спорт клубының жетекшісі Бүркіт Исакұлы, спорт зал қажеттілердің барлығымен қамтылғанын және осындай үйірмелерден әлемді мойындатар спортшылар шығатынына күмән келтірмейтінін жеткізді.
-Бүгінгі шараға белсенді қатысуға келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Болашақта осы зал кәсіпқой спортшылар шығатын орынға айналады деп сенемін. Жалпы елімізде таэквондо қарқынды дамып келе жатыр. Біздің спорт залда 250 бала жаттығатын болады, - дейді бапкер Бүркіт Исакұлы.
Бапкерлерден соң ата-аналар комитетінің мүшелері сөз сөйледі. Олардың айтуынша «Өрлеу», «Taifun» және «Dragon» спорт клубтарында жаттығатын балғын таэквондошылар халықаралық турнирлер, ел біріншіліктері және әлем чемпионаттарда жүлдегер атанып жүр. Ең бастысы, олардың бойында жеңіске деген жігері бары қуантады. Өздерінің спорттық шеберліктерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасып, алда өтетін жарыстарға дайындықты бастап кетті. Келер айдың 16 жұлдызында қалалық ашық турнир өткізу жоспарланып отыр. Ендеше балғын таэквондошыларға атой салып, өңірдің намысын әлемдік ареналадарда абыроймен қорғауына тілек білдіреміз.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық Taekwondo GTF федерациясы жанындағы ата-аналар комитетінің мүшесі Нұрбол Қонжар хабарлады.
Суреттерді түсірген Нұрбол Қонжар
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему