Маңғыстаулық балуандар дзюдодан өткен	халықаралық турнирде мықтылық танытты
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 21:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуандар дзюдодан өткен халықаралық турнирде мықтылық танытты

17 Мая 2016 (11:33) | 2472 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтауда биыл сегізінші рет 14-15 мамыр аралығында дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир өтті. Жарыстың алғашқы күні бетпе-бет кездесуде балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінен жасақталған құрама команда бірінші орынды жеңіп алып, 300 мың теңге сыйақыны иеленді. Екінші орын Қызылорда қаласының құрама командасына (200 мың теңге) бұйырса, үшінші орыннан Батыс Қазақстан облысының құрама командасы (100 мың теңге) көрінді.

 

Жарыстың алғашқы күнінде 1997-1998 жылы туған жастар арасында өткен белдесуде Маңғыстау облысы командасының қоржыны 5 алтын, 7 күміс және 8 қола медальдармен толықты.

 

Алтын медальдарды жерлестеріне Аманбек Құлқаев (55 келі), Бауыржан Сағынғалиұлы (60 келі), Сұңғат Жұбатқан (66 келі), Қобылан Көшкінбай (81 келі), Ақылбек Айжарықов (+90 келі) сыйлады.

 

Халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы дзюдодан халықаралық турнир екінші күні 2001-2003 және 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы белдесулермен жалғасты. Бұл жолы жас балуандарымыз 7 алтын, 5 күміс, 12 қола медальдарды жеңіп алды.

 

2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында 35 келі салмақта Данияр Жолболдин (Маңғыстау ауданы), 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы («Жастар» спорт мектебі), 42 келі салмақта Нұртілек Атшыбай («Жастар» спорт мектебі), 46 келі салмақта Айбар Сайфеков («Толқын» спорт мектебі), +55 келі салмақта Мұхаммед Зұлқарнаев (Шетпе кенті) және 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 25 келі салмақта Рамазан Нұрмамбед (Жыңғылды спорт интернаты), 28 келі салмақта Рысбек Саламат (Жыңғылды спорт интернаты) алтыннан алқа тағып, жарыс жеңімпазы атанды.

 

Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша командалық есепте Маңғыстау облысы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Батыс Қазақстан облысы және үшінші орынға семейліктер тұрақтады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему