Маңғыстауда облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға саяси партиялардан 319 кандидат тіркелді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға саяси партиялардан 319 кандидат тіркелді

9 Января 2021 (10:45) | 1830 | Автор: Редакция

Маңғыстауда облыстық, қалалық, аудандық мәслихатқа 4 саяси партиядан барлығы 319 кандидат тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.

 

 

Маңғыстау облысында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға 4 саяси партия үміткерлерінің 28 тізімі ұсынылды.


- «Нұр Отан» саяси партиясынан - 244 кандидат;


- «Ауыл» саяси партиясынан -13 кандидат;


- «Ақ жол» саяси партиясынан- 40 кандидат;


- «Адал» саяси партиясынан- 22 кандидат;

Облыстық мәслихатқа 4 саяси партиядан 66 кандидат, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының мәслихатына 3 партиядан 72 кандидат және аудандық мәслихаттарға 181 кандидат тіркелді. Партия тізімінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған жас азаматтардың саны 131 адамды ққрайды. Айта кетейік, 30 пайыздық квота сақталды. Барлық азаматтар жөнінде тиісті мемлекеттік органдардан анықтамалар алынды. Тіркеу барысында 4 азамат өздерінің өтініштері бойынша тізімнен алынды.

«Сайлау науқаны аясында облыстық сайлау комиссиясында саяси партиялардың облыстық филиалдары басшыларымен 3 отырыс өткізілді. Саяси партиялардың келісімімен желтоқсан айында облыстық сайлау комиссиясы және облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, облыстық «Маңғыстау» телеарнасында пікірсайыс (дебат) өткізілді», - деді Асқар Рзаханов.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему