Жыңғылдыда дзюдо мен самбо күресінен секциялар ашылды
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 16:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жыңғылдыда дзюдо мен самбо күресінен секциялар ашылды

28 Апреля 2016 (16:40) | 4252 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылындаәлеуметтік жағынан аз қамтылған және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған дзюдо мен самбо күресінің секциялары ашылды. С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаты жанынан ашылған дзюдо секциясына бүгінде 200-ге жуық ұл мен қыз қатысып, жаттығып жүр.

 

- Ауыл спортын көтеріп, балалардың спортпен айналысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын сақтауды мақсат тұтқан секцияның болашағынан үлкен үміт күтеміз.

Бұл игі істің басында Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров, облысқа белгілі бапкер Манарбек Бисекенов тұр. Осы азаматтардың қолға алуымен мектеп-интернаты жанынан дзюдо мен самбо күресінің секциялары ашылып отыр. Оқушылырамыз күні-түні осы жерде, уақытылы тамақтанады, арнайы үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланады.

Жалпы мектебіміздің жарты ғасырдан астам тарихы бар. Алғашқы жылдары мектебіміз малшы-бақташы отбасының балаларына арналып ашылды. Кейін мектебімізге әлеуметтік қолдауға жататын топтағы отбасылардың балаларын, жетім, жартылай жетім балаларды қабылдай бастадық. 2014 жылы «Нұрсай» ЖШС мектебімізге жаңа ғимаратты сыйға тартты, бізде спортпен айналысуға жағдай жасалған, - деген мектеп-интернаттың директоры Нағима Айжанақова өткен жылы оқу ордасын үш жетім бала тәмамдап, жаңа өмірге жолдама алғанын атап өтті.

 

Шынында да мектеп-интернатында балаларға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар түске дейін сабақтарын оқып, түстен кейін спорт залға барып жаттығады немесе әр түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылықтарын шыңдайды. Мұндағы оқушылар таза жатақхана мен төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.

 

- Ауылымызда дзюдо мен самбо күресі секцияларының ашылғанына өте қуаныштымын. Болашақта Ердос Сметов ағамыздай әлем чемпионы болуды армандаймын. Ол үшін мықты дайындық керек және оқуда да озат болғаның дұрыс. Сондықтан да бапкерлерімнің айтқанын бұлжытпай орындап, дайындықтан қалмауға тырысамын,-дейді Жыңғылды аулының жас тұрғыны Серік Парасат.

 

Қазіргі таңда дзюдо мен самбо күресінің секцияларында жас балуандарды ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев, облыстың дзюдодан аға бапкері Талғат Есекенов, бірінші санатты бапкер Ерлан Байысбай дайындап, жаттықтырады.

 

- Жалпы маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Спорт саласында жүргеніме 25 жылдан астам уақыт болыпты. Сондықтан да осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибиемді дзюдоның дамуына, өзімнің үйренгендерімді шәкірттердің бойына дарытуға, ауылдан чемпиондарды шығарып, ауыл намысын абыроймен қорғауға жұмсайтын боламын. Бұл дзюдо секциясының ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Алайда жастардың ынтасы, спортпен айналысуға деген талабы мені қуантып отыр. Бұл жерде дзюдо мен самбо күресімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған татами, балаларға арнайы киімдер, қажетті дүниелер сатылып алынған,-дейді ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев.

 

Болашағын спортпен байланыстыратын жеткіншектер де ауылда дзюдо мен самбо күресінің секциялары ашылғанына дән риза. Олар бұл күнді ұзақ күткен-ді. Енді оқудан тыс уақытта балалар салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданып, уақыттарын тиімді өткізетін болады.

 

-Үйде мен екі ұлдың ортасында тәрбиеленген жалғыз қыз баламын. Дзюдо секциясының ашылғанын естіп, оған қатысатынымды ата-анама айтқанда мені қолдады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларына, жетім балаларға қолдау көрсетіп, арнайы дзюдо секциясын ашқан ағаларға алғыс айтқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, спортпен айналысып, жатақханада достарыммен тату-тәтті тұрып жатырмын,-дейді Сара Сейітмұратова.

 

Ашылғанына 1 ай уақыт болмаса да дзюдо секциясының жеткіншектері Шетпеде өткен облыстық ҚР чемпионатынды топ жарып, бапкерлер сенімін ақтады. Аталған жарыстан 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медальдарды иеленіп, ауылдың мерейін өсірді. Бүгінде ауылдың жас балуандары Талдықорған қаласында өтетін «Азия балалар ойындарына» іріктеу жарысына қатысуда.

 

- Нағыз мықты балуандар ауылдан шығады. Өйткені, ауылдың баласы өте намысшыл, физикалық тұрғыдан мықты болады. Әрине, оларды жарысқа дайындайтын бапкердің де тәжірибиелі болғаны жақсы. Бапкер психологиялық тұрғыда мықты, шапшаң шешім қабылдайтын, төзімді адам болуы керек. Әсіресе, жауапкершілік тұрғысынан алғанда, арқалайтын жүгіміз ауыр. Бүкіл елдің бет-бейнесі болатын жауынгер жігіттерді тәрбиелеу, жарысқа баптап қосу, сенім үдесінен шығу да оңай шаруа емес. Сондықтан да, бұл жерде жастарды жарысқа білікті бапкерлер, өз ісінің кәсіби шеберлері Берік Жұмағалиев, Талғат Есекенов, Ерлан Байысбай дайындайды. Дзюдо мен самбо күресінің секциялары Жыңғылды ауылында «Жастар» спорт мектебінің филиалы ретінде ашылып отыр. Біздің бастамамызға қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғысымды айтамын,-дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему