Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2017 жылдың 12 айын қорытындылады
19 Февраля 2018 (16:17) | 3538 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының өндірісіне 2017 жылы 6771 тұлғаға қатысты 6771 іс түскен. Былтырғы есептік кезеңнен 12 тұлғаға қатысты 12 іс қалдықта қалған. Барлығы сот өндірісіне 6783 тұлғаға қатысты 6783 іс түскен. Оның ішінде 6759 тұлғаға қатысты 6754 істің өндірісі аяқталған. 6227 іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жазасы тағайындалған, 527 істің өндірісі тоқтатылған (қысқартылған), оның ішінде медиатордың қатысуымен 180 істің өндірісі тоқтатылған. 130 әкімшілік іс бойынша жеке қаулы шығарылған. Бейнажазба қондырғысымен 6608 іс қаралған, яғни барлық қаралған істердің 97,8 пайыз құрайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында жыл басында әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттама жасақтауға уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды мүмкіндігінше мемлекеттік тілде жасақталуын қамтамасыз ету жөнінде хаттар жолданып, шолу жасақталды.
2016 жылдың 12 айының есептік кезеңімен салыстырғанда бұл 10 пайызға көтеріліп, қазіргі кезде мемлекеттік тілде қаралған әкімшілік құқықбұзушылық істер 94,2 пайызды құрады.
2017 жылы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының облыстық сот веб-сайтында жарық көрген материалдардың саны – 152 (2016 жылы 94), газет беттерінде жарық көрген мақалалар саны – 73 (2016 жылы 91), теледидардан сұхбат беру – 14 (2016 жылы 03), радиодан сұхбат беру – 17 (2016 жылы 9), дөңгелек үстел – 31 (2016 жылы 14), семинар – 25 (2016 жылы 18) ұйымдастырылған. Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар саны -73.
2017 жылы қаралған 6754 әкімшілік істердің 6608 бейнежазба жүйесін пайдалану арқылы қаралған. Яғни, 97,8 пайызды құрады.
2016 жылы 7259 әкімшілік істің өндірісі аяқталған, оның ішінде дыбыс-бейнежазба жүйесімен 6176 істің өндірісі аяқталған. Яғни, 85,5 пайызды құраған.
«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сотқа барлығы 95 құжат түсіп, оның 10-апелляциялық шағым, 73 – өтініш тіркеліп, өтініштерге уақтылы жауап жолданған. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану аясын кеңіту мақсатында соттың күту залында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін пайдалану жөніндегі нұсқамалар қойылған.
Сот кабинеті арқылы түскен әкімшілік істер саны - 6783.
Ақтау қаласының
Мамандандырылған әкімшілік сотының
төрағасы Ө.Садықов
Суретті түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему