Қарақиялық оқушы тұрмыс қалдықтарынан үстел шырағын жасап шығарды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 05:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақиялық оқушы тұрмыс қалдықтарынан үстел шырағын жасап шығарды

15 Ноября 2021 (13:46) | 2002 | Автор: Редакция

Марғұлан Жұмажан Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылындағы мектептің 4-сыныбында оқиды. Ол тұрмыс қалдықтарынан жарық шам жасап шығарды. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Мектептегі «Жасұлан» ұйымының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Марғұланның бұл жұмысы үздік деп танылған.

 «Үстел шырағын жасау кезінде істен шыққан велосипедімнің дөңгелегін пайдаландым. Бұл жұмысты жасауға қарапайым әрі қолжетімді нәрселер керек. Олар желім, тоқыма ақ жіп, ескі жарық шамның тоғы және шар. Үстел шырағын кез-келген сәтте қолдануға болады. Мәселен, сабақ оқығанда және түнде үйді жарықтандыру үшін пайдалануға болады», - деді Марғұлан Жұмажан.

 Марғұланның сынып жетекшісі Гүлжан Жаңбырованың айтуынша, шәкірті алғыр, оқуда белсенді, берілген тапсырманы мұқият әрі ұқыпты орындайды.

 «Жасұлан ұйымының 10 жылдығына орай 4-сынып оқушыларына тұрмыс қалдықтарынан бұйым жасау тапсырылды. Әркім өз қалауы бойынша ерекше дүниелер дайындаған. Ең үздік деп танылғандардың бірін мектебіміздің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жарияладық. Марғұлан тапсырманы мұқият орындап, жұмыс процесін толықтай видеоға түсірген. Шәкіртімнің болашағынан үмітім көп», - деді Гүлжан Жаңбырова.

Жас ғалым Марғұлан Жұмажан осы бағытта басқа да жобалармен айналысуды жоспарлап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему