Аймақтағы туберкулездің жай-күйі
Курс валют в Актау
на 02/01/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
2 Января, 11:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақтағы туберкулездің жай-күйі

19 Марта 2014 (04:35) | 6116 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау аймағында өкпе ауруына шалдығу көрсеткіштерінің 2012 жылмен салыстырғанда 5 пайызға азайғаны байқалады. Сөйтіп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 77, 1 құрады. Жасөспірімдер арасындағы туберкулез ауруына шалдығу көрсеткіштері 32 пайызға төмендеді. Соған қарамастан 2012 жылы ауырған балалар саны 28 болса, 2013 жылы ол көрсеткіш 35 санын құрады. Балалар арасында сырқат санының өсуін-өңірде балаларға арналған емдеу-сауықтыру мектеп-интернатының жоқтымен түсіндіруге болады. Біздің облыс Қазақстандағы мұндай емдеу-сауықтыру мекемесі жоқ жалғыз облыс. Инвесторлардың қаражатына Құрық кентінде салынған мектеп-интернаттың құрылысы аяқталғанмен, ғимарат биік жерде орналасқандықтан оған судың көтерілмеуі себебінен ашылу уақыты сәуір айына қалдырылды. Қазір суды көтеретін қосымша сорғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қуат Титановтың мәлімдеуінше, - Туберкулез сырқатынан болатын өлім-жітім көрсеткіштеріне тоқталсақ, оның 22,8 пайызға азайғаны байқалады. 2012 жылы 44 адам осы аурудан көз жұмса, өткен жылы созылмалы сырқат түрінен 35 адам қайтыс болды. Бұл жағдайларға ұшырағандардың барлығы да ересек адамдар, ал балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлім-жітім көрсеткіштері Маңғыстау өңірінде 2010 жылдан бері орын алған жоқ. Балалардың туберкулез ауруынан емделіп, жазылып шығу көрсеткіштері 100 пайызды құрайды.

 

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында және жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, облыстың барлық елді мекендерінде 2014 жылдың 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында «Туберкулездің алдын алу» айлығы ұйымдастырылып, өткізілуде.

 

 

Айлық аясында аймақтың емдеу-сауықтыру мекемелерінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мұрындық болуымен өңір тұрғындарын өкпе ауруынан сақтандыруға бағытталған кең ауқымды түрлі шаралар жүргізілді. Бас дәрігер Қуат Үсенұлы: «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері бірнеше жыл бойына Жаһандық қормен сырқаттарға әлеуметтік көмек беру жөнінен бірлесіп жұмыс атқарып келе жатыр. Аталмыш қордың қаржысынан туберкулезбен ауыратын 23 сырқатқа көлікпен жүру шығыны төленеді, яғни әрбір емделушіге ай сайын 4 мың теңге төленеді. Ал 70 емделуші азық-түлік пен гигиеналық бұйымдардан тұратын әлеуметтік пакетпен қамтылады. Бұл көмекті алудың басты шарты-емделу режимін міндетті түрде сақтау болып табылады. Ал бұл шартты бұзған сырқаттар әлеуметтік көмектен айырылады. Бір кемшін тұсы-бұл көмекпен тек Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындары қамтылады, ал басқа аудандардағы сырқаттарға беруге Қордың қаржысы жеткіліксіз»,-деді.

 

Қордың қаржысына диспансер ауруханада ұзақ уақыт жата алмайтын ауру адамдарға дәрі-дәрмек жеткізу үшін «УАЗ» автокөлігін сатып алып, олардың үйлеріне дәрілерін жеткізіп береді. Жақында өткен бюджеттік комиссияның отырысында сырқаттарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен 46 млн.тенге қаржы бөлінетіні туралы шешім қабылданған.

 

- Біздің аурулар үш жыл бойына ем қабылдайды. Олардың материалдық табысы-16 мың теңгені құрайтын мүгедектік жәрдемақы. Отбасын асырайтын өзге табысы болмағандықтан ол адам жұмыс жасап, ақша табуды мақсат етеді. Алайда оның денсаулығына зиян келмеуі тиіс. Сондықтан билік өкілдерінің осындай сырқаттардың әлеуметтік жағынан қорғалуына көбірек көңіл бөлгенінің маңызы зор»,-дейді диспансердің бас дәрігері Қуат Титанов.

 

Биылғы жылдан бастап маңғыстаулық фтизиатрлар жаңа диагностикалық тестті пайдалана бастайды. Диаскинтест-жаңа зерттеу әдісі осылай аталады. Дәрігерлер оны дәстүрлі Манту сынамасымен қатар қолданатын болады. Тест тек туберкулез микобактерияларына иммундық реакция білдіреді, алайда БЦЖ екпесіне байланысты реакция бермейді.

 

-Бұл әдіс жүз пайыздық сезімталдыққа ие. Дәстүрлі Манту сынамасын қолданғанда байқалатын 40-60 пайыздық жалған көрсету реакциясын азайтады,-дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Қуат Үсенұлы.

 

Былтырғы жылы туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығы аталмыш әдісті сынақтан өткізді. Енді ол аймақтың барлық туберкулезге қарсы мекемелерінде енгізіледі.

 

-Біз диаскинтестті алуға тапсырыс бердік. Қазіргі таңда «СК Фармация» жеткізу кестесін анықтауда. Жылдың соңына дейін осы әдісті дәстүрлі Манту сынамасымен қатар қолдануды енгізбекпіз. Егер сынақ табысты өтсе, 2015-2016 жылдары ескі әдістен бас тартуымыз мүмкін,-деп мәлімдеді бас дәрігер Қуат Титанов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему