Ақтау қаласының №2 сотында фронт-офис ашылды
9 Февраля 2019 (12:02) | 2007 | Автор: Нурганым Имашева
Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Рахымжан Бейсенов және судьялар, медиаторлар, адвокаттар, БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен, өңірдің тағы бір соты халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескерілген «OpenSpace» азаматтарға тосқауылсыз қызмет көрсету қағидаттарына толығымен көшті.
-Осы бағдарламаны іске асыру аясында Ақтау қаласының № 2 сотының төрағасы Рахымжан Бейсенов пен кеңсе меңгеруші Нұрқожа Ерджанов Сарыарқа аудандық сотына тәжірибе алмасу үшін іс-сапарға барған болатын.
Фронт-офис жайлы жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, сот отырыстарының тізімі мен талап және басқа да арыздардың үлгілері жазылған стендтермен жабдықталып, интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілген. Ақпарат орталығы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны, күту залы, медиатор мен адвокат кабинеттері де осында жайғастырылған.
Фронт-офисте азаматтар медиаторлар мен адвокаттардан консультациялар алып, медиация тәртібімен дауларды шешуге мүмкіндік алады,- деп хабарлайды осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему