Ақтау қалалық соты - Наурыз мейрамына арналған байқаудың жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық соты - Наурыз мейрамына арналған байқаудың жеңімпазы атанды

20 Марта 2016 (14:58) | 2902 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жұма күні Маңғыстау облыстық сотында Ұлыстың Ұлы күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

 

Облыстық соттың жаңа ғимаратында өткен мерекелік кешке аймақ басшысы Алик Айдарбаев, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, сот саласының қызметкерлері қатысты.

 

Жиылғандарды мерекемен құттықтаған облыстық соттың төрағасы Жақсылық Аланов көпшілікке ізгі тілектерін арнады және өңір басшысы Алик Айдарбаевты аймақтың сот саласының дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.

 

Салтанатты кеш аясында «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік конкурс өтті. «Наурыз жәрмеңкесімен» ашылған аталмыш байқауға аймақтың аудан-қалаларының соттарынан құралған 8 топ қатысты.

 

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, «Мерекелік байқаудың басты мақсаты – ғасырлар бойы атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, қастерлеумен қатар, қазақ халқының қанында бар қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік сынды қасиеттерді насихаттау».

 

Облыстық сотта алғаш өткенконкурстың бірінші турында әрбір сот ұжымы өздері дайындаған алуан түрлі ұлттық тағамдардан тұратын ас мәзірінәдемі безендірілген қазақы дастархандаұсынды.

 

Қазылар алқасы байқаудың бірінші кезеңі бойынша ұлттық тағамдардың дайындалу шеберлігі мен дәмділігіне және дастарханның безендірілу сәніне ғана көңіл аударып қоймай, сондай-ақ қатысушы топтардың ұлттық дәстүрге сай қонақты қарсы алуын, қызметкерлердің мерекеге киіп келген көздің жауын алардай әдемі қазақтың ұлттық киімдерін өзіндік сәнімен кешке жиылғалғандарға ұсына білу өнерін бағалады.

 

Бұл ретте Ақтау қалалық соты ұсынған қазақ халқының сан ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетіндей ұлттық бояулармен нақышталып, сән-салтанаты жарасардай әсем түрде безендірілген киіз үй жабдықтары мерекеге қатысқан меймандар мен қазылар алқасының тарапынан жоғары бағаланды.

 

Екінші кезеңде топ мүшелері өз командаларын өлең жолдарымен өрнектеп таныстыру бойынша сайысты. Әр ұжым өзінің тобын ұтымды таныстырудың әдісін қолданып бақты.

 

Ақтық сында әрбір команда өз өнерлерін ортаға салды. Бұл кезеңде халқымыздың мызғымас дәстүрі – абыз ақсақалдардың бата беруі, мейірбан әжелердің өнегелі тәлімі, жас келіндердің үлкенді сыйлаудағы көрегенділігі мен ізеттілігі тәрізді қанымызға сіңген ұлттық қадір-қасиеттерді таныту жөнінде сыннан өткен әрбір топтың дайындығы бағаланды.

 

Конкурстың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен ең үздік – жеңімпаз топ ретінде Ақтау қалалық сотының ұжымы І - ші жүлделі орынға лайық деп танылды.

 

Бұл топтың мүшелеріне сайыста өз өнерін көрсеткен кезде «Өнегелі әже», «Ең үздік келін» аталымдары бойынша да арнайы марапаттар табысталды.

 

ІІ - орынға Түпқараған және Бейнеу аудандарының соттары ие болды. Ал ІІІ орын - Маңғыстау облыстық сотының командасына бұйырды.

 

Конкурсқа қатысушы 8 топ өздерінің байқауға арнап дайындаған ас мәзірін жәрмеңкеде сатып өткізді. Одан түскен 307 445 теңге қаржыны сайысқа түскен сот ұжымдары қайырымдылық қорына аударып, облыстағы онкологиялық сырқатқа ұшыраған балаларға көмек ретінде жолдайтын болып шешті.

 

Ақтау қалалық сотының төрағасы Мұрат Әубәкіров:

Біздің ұжым Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған байқауға қатысу арқылы қайырымдылық шарасына үлес қосуды мақсат етті. Наурыз жәрмеңкесінде жиылған ақша қаражаты ауыр науқасқа ұшыраған балаларға жәрдем ретінде қайырымдылық қорына аударылатын болады.

Қазақ халқы қашан да қиналғанға – көмек қолын созуға даяр тұратын, кеңпейіл, дархан көңілімен ерекшеленетіні анық. Ұлттық болмысымыздан ажырамай, салт-дәстүрімізге берік болу – әрқайсымыздың парызымыз екенін білгеніміз абзал.

Мерекені тойлау барысында да жанымызда әртүрлі жағдайдағы жандардың бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі барша отандастармызға бақ- береке, толағай табыс, мол шаттығын сыйласын,- деген ізгі тілегін арнады.

 

Салтанатты жиын соңында 11-12 наурыз күндері сот жүйесінің судьялары мен кеңсе қызметкерлері арасында ҚР Судьялар Одағы Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен футбол, волейбол, шахмат, дойбыдан өткен спорттық шаралардың жеңімпаздары атанған командалар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему