Ақтауда теңіз жағалауында ЖИТС құрбандарын еске алу шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 00:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда теңіз жағалауында ЖИТС құрбандарын еске алу шарасы өтті

23 Мая 2019 (09:24) | 2157 | Автор: Нурганым Имашева

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын, 1983 жылдан бері мамырдың үшінші жексенбісінде ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күні аталып өтеді. Осы әлеуметтік мәні зор саналатын дата әлемнің 75-тен астам елінде аталып өтілетіні белгілі болып отыр, өйткені бұл - АИТВ/ЖИТС саласындағы ең көп таралған, қоғамның назарына іліккен басты мәселенің бірі.

 

 

Сол себептен «Өмір сүру үшін – есте сақтаймыз!» ұранымен 19 мамыр - ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күні ретінде «Маңғыстау облысының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» ұйымдастыруымен Ақтауда теңіз жағалауында шара өтті.

 

 

Ақнұр Тасболатова, «Маңғыстау облысының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» директорының орынбасары:

 

-Біздің мақсатымыз –бүкіл әлемдегі осы сырқаттан, ЖИТС-тен қаза болған адамдарды еске ала отырып, олардың туған-туыстарына көңіл айтып, бұл дерттің қандай қасіретті, қоғамға қандай зияны бар екенін айтып, осы аурудан қалай қорғана білу керектігін айту, яғни бұл шараны ұйымдастыру арқылы – осы қауіпті дерттің алдын алу болып табылады. Осыған байланысты біздің ЖИТС орталығының мамандары флеш-моб дайындап, қаладағы ЖОО, орта арнайы оқу орындарының студенттерін ұйымдастырып осы бүгінгі шараны өткізіп отырмыз,- деп мәлімдеді.

 

 

Теңіз жағалауындағы Амфитеатр жанында өткен аталмыш шараға жастар, студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. «Зумба» фитнес нұсқаушысы Майра Базаралиева барлық жиналғандарды аэробикаға шақырып, көпшілік көңілді саз ырғағымен түрліше қимылдар жасады.

 

 

Сонымен қатар, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» мамандары да бұл шарадан қалыс қалмады. Олар «Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне» орай «Темекіні таста, дәрумен жеп баста» ұранымен шылым шегушілерді қолдарындағы темекілерін алма, банан т.б. жеміс-жидектерге айырбастауды ұсынды.

 

 

Орталық мамандарының айтуынша, Қазақстанда 1987 жылы АИТВ жұқпасымен ең алғашқы жағдай шетел студентінен анықталған. Ал Маңғыстау облысында ең бірінші жағдай орын алғаны 1994 жылы, яғни аурудың вирусы Ресей елінен келген шетел азаматынан табылған. Содан бері, өкінішке орай, АИТВ-мен тіркелетіндер қатары жыл өткен сайын көбеймесе, азаяр емес.

 

 

Қазіргі таңда Мағыстау облысында ең алғашқы жағдай тіркелгеннен бері, яғни 1994 жылдан бастап күні бүгінге дейін АИТВ жұқпасымен –339 адам тіркелген. Атап айтар болсақ, Қазақстан азаматттары арасында -252 жағдай, шетел азаматтары арасында - 83 жағдай, анонимді түрде тіркелген – 2 адам, азаматтығы жоқ – 2 адам.

 

 

-Қазақстан Республикасындағы АИТВ және ЖИТС бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуалға бағалау жүргізе отырып, соңғы уақытта ауруды жыныстық жолмен жұқтырған адамдар санының едәуір өскені байқалып отырғандығын атап өткен жөн,-дейді мамандар.

 

 

2019 жылдың 13 мамыры мен 13 маусымы аралығында республика бойынша ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін – есте сақтаймыз!» ұранымен айлық өтуде.

 

 

Аталған шара барысында ЖИТС орталығына қолдау танытқан Ақтаудағы біраз медицина мекемелерінің қызметкерлері қала тұрғындарын арнайы тексеруден өткізді және АИТВ жұқтырудан қалай қорғану жөнінде кеңестер ұсынды.

 

 

Жиын соңында флешмобке қатысқан жастар қолдарындағы алқызыл шарларын аспанға ұшырып, қала тұрғындарын қасіретті дерттен көз жұмғандардың қайғылы әрекетін қайталамауға үндеді.

 

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему