Маңғыстау облысында Көкшетау техникалық институтына кандидаттарды іріктеу және қабылдау бойынша кездесу өтті
26 Февраля 2016 (15:03) | 2171 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына кандидаттарды іріктеу және қабылдауды ұйымдастыру жөнінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Аталған шараға Маңғыстау облысы ІІД –нің өкілдері, округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге кандидаттар мен олардың ата-аналары шақырылды.
Жиын ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының құрылуы мен оның жеткен жетістіктерін баяндайтын бейне роликпен ашылды. Бұдан әрі, оқуға түсу үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан өту мен құжаттарды рәсімдеу жағдайы талқыланды.
Маңғыстау облысы ІІД ӨӘДК төрағасы А.Н.Торкина құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарына түсуге кандидаттардың медициналық тексеруден өту ережесін түсіндірді, тексеру кезінде жұмсалатын қосымша қаржыны азайту мақсатындағы жасалып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасының инспекторы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына түсу үшін құжаттарды дайындаудағы тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында кандидаттар мен олардың ата-аналары өздерін мазалаған сауалдарға жан-жақты жауаптар алды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему