Тұмаудың алдын алу
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 19:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тұмаудың алдын алу

26 Января 2016 (14:22) | 9532 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қалағалау бөлімінің бас маманы Айгүл Баянбердиева жыл маусымына байланысты өрши түскен тұмау сырқатына қатысты одан сақтану жолдары туралы аймақ тұрғындарына арналған дәрігерлік кеңестерін ұсынды.

           

Бас маманның мәлімдеуінше, «Тұмау – адамдарға жасына немесе жынысына қарамастан әсері зор, ауыр вирустық инфекция. Бұл ауру жедел, өткір токсикозды, риниттің катаральдық белгілерімен, мұрынның бітуімен және бронхтарды зақымдайтын жөтелмен сипатталады.

 

Тұмаудың қатерлігі - оның асқынуларында (бронхит, пневмония, мерзіміне жетпей босану және т.б.). Балалар үшін грипп ерекше қауіпті.

 

Әрбір күз және қыс айларында әдеттегідей вирустік жұқпалы дерт бой көтереді. Ақтау қаласында жылбойы тұмауға және ЖРВЖ ауруларына мониторинг жүргізіледі. Ақтау қаласында 2015 жылдың 12 қараша айынан бүгінгі күнгі дейін 28 тұмау ауруы тіркелді. Барлық тіркелген тұмау ауруының 57 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.

 

Тұмауды Сізбен тығыз қарым-қатынастағы науқас адамнан жұқтырып алуға болады. Жұқтыру сәтінен бастап аурудың алғашқы белгілері өте тез бірнеше сағатта пайда болуы мүмкін. Профилактиканың ең тиімді әдісі індет басталмастан бұрын тұмауға қарсы егу жұмыстарын жүргізу (қыркүйек-қазан айлары)».

             

Тұмаудың алғашқы белгілері

  • Дене қызуының 390 С-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі;
  • Бұлшықеттердің және сүйектердің сырқырауы:
  • Бас ауруы;
  • Әлсіздік, тез шаршағыштық;
  • Түшкіру және құрғақ жөтел және т.б. белгілер.

 

Індет кезіндегі профилактикалық шаралар

  • Әрбір 2 сағат сайын мұрын шырышты қабаттарын оксолин мазімен майлап отырыңыз.
  • Сізде немесе тығыз қарым-қатынастағы адамда тұмаудың белгісі пайда болған жағдайда, медициналық маска тағып жүріңіз.
  • Бөлмелерді жиі желдетіп отырыңыз.
  • Бөлмелерді шамасы келгенше жиі ылғалдап жуып отырған жөн.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау, қолды жиі және мұқият жуған абзал.
  • Қатты тоңбау, ауа райына байланысты киім кию керек;
  • Пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш және де С витаминіне бай (орамжапырақ, қара қарақат, бүлдірген, лимон, апельсин, итмұрын, болгар бұрышы) тағам өнімдерін тұтыныңыз.

 

Грипптің алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақыртыңыз.

Тек дәрігер ғана Сізге жеке тексеру барысында ем тағайындай алады!

Өз бетіңізше емдеумен айналыспаңыз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.

 

Өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтаңыз!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему