Жүкті әйелдердің киімдері тігіле бастады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 21:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жүкті әйелдердің киімдері тігіле бастады

22 Января 2016 (12:24) | 9361 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтауда болашақ аналарға арналған киімдер тігіле бастады. Енді жүкті әйелдер жақын маңнан әрі ыңғайлы әрі сәнді отандық киімдерге тапсырыс бере алады. Қаладағы «Дәрия» цехының өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артуда. Он саусағынан өнер тамған ісмер әрі сәнгер Әсел Жекенова бір жыл ішінде екі мыңға жуық жүкті әйелдің киімін тігіпті. Қазір аяғы ауыр келіншектер талғамына сай келетін көйлек-көншекті жеке кәсіпкер Ә.Жекенова ашқан арнайы дүкендерден сатып алып жатыр.

 

 Ақтау қаласының тұрғыны Ләйла Төлешова жақында бесінші перзентін дүниеге әкелмек. Әдемілікке құштар ол жүктілік кезінде де сәнді киінгенді қалайды екен. Әсел Жекенованың тіккен киімдерін жоғары бағалаған болашақ ана «Дәрия» цехының тұрақты тұтынушысына айналған.

 

Ләйла Төлешова, сатып алушы:

- Жүктілік кезінде сәнділігімен қатар ыңғайлы киімдерді табу өте қиын. Шетелдік тауарлардың бағасы болса қымбат. Сондықтан мен Ақтаудан жүкті әйелдерге арналған киімдердің тігіле бастағанына қуандым. Өзімізде тігіліп жатқан  көйлектер өте сапалы әрі бағасы да арзан екен. 1 айдан 9 айға дейін киюге болады. Барлық көйлек, шалбарларда түймесі бар, оны тесігінен өткізіп, реттеуге болады. Бұл киімдерді тіпті жүктілік кезінде де, бала емізгенде де кие беруге болады.

 

 

Болашақ аналарға арналған киімдердің барлығы әмбебап. Әрқайсысында сәнгердің қолтаңбасы жатыр. «Дәрия» брендінің өмірге келуіне ісмер Әсел Жекенованың жүктілігі түрткі болыпты. Киім таңдауда талай машақатты бастан өткізген соң келіншек болашақ аналарға арналған көйлектер тігуді қолға алыпты. 12 адамды жұмыспен қамтыған отандық өндірістің өрісі қазір кеңеюде.

 

Әсел Жекенова, сәнгер, жеке кәсіпкер:

- Болашақ аналарға арналған киімдердің өзіндік ерекшелігі бар. Сұраныс бойынша тізеден ұзынырақ көйлектерді тігеміз және жеңдерін жабыңқыраймыз. Бүгінде әйелдер қауымының талғамы өте жоғары болғандықтан сән әлемінен қалмауға тырысамыз. Әлемдік сән талабына сәйкес қазіргі таңда ашық түсті көйлек-көншектерді тігіп жатырмыз. 2015 жылы екі коллекция шығардық: жазғы және қысқы. Былтыр болашақ аналардан жақсы сұраныс болды.

 

 

Әсел Жекенова ашқан «Дәрия» цехында айына 200-ге жуық өнім тігіледі. Көйлектер мен жейделер, шалбарлар мен белдемшелердің барлығы да болашақ аналар үшін. Жүкті әйелдер жастанатын арнайы жастықтар мен бала емізуге қажетті топтама сатылымда көш бастап тұр.

 

Роза Шманова, тігінші:

- «С» әрпіне ұқсас яғни жарты ай тәріздес жастықтар жүкті әйелдер үшін өте ыңғайлы. Бұл жастықты жастанып ұйықтауға да болады, отырғанда да ішіңізге ыңғайлы. Балаларды емізгенде қолдануға болады. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап жастық.

 

Бір жыл бұрын дүниеге келген отандық брендтің жеткен жетістігі жетерлік. Атырау және Ақтөбе қалаларында дүкендер желісі бар. Әселдің жазғы киімдер топтамасы «Сән мен сахна» халықаралық сән байқауында екінші орынға ие болған. Ол келешекте сәнқой қыздар мен балаларға арналған киімдер тігуді қолға алмақ. Іскер әйел алтын құрсақты аналарымыз көп болса, өндірісіміз өрлей береді деген сенімде.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему