Құрық ауылында автокөлік жолының құрылысы басталды
27 Июня 2022 (20:09) | 1538 | Автор: Редакция
Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды. Жобаға республикалық бюджеттен 414,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, жобаға сәйкес Жолшы массиві көшесі, Алиев көшесі, 2-ші, 3А, 9, 13, 14 шағын аудандар қамтылады. Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукинның айтуынша, ауылішілік автокөлік жолының 7.6 шақырымын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.
- Құрықта ауылішілік автокөлік жолдары құрылысының екінші кезеңін бастап жатырмыз. Конкурс нәтижесімен мердігер мекеме «Ақжол+К» ЖШС-і жеңімпаз деп танылды. Қазіргі таңда, мекеме жұмыс күшінің және арнайы техникалардың көмегімен жол құрылысы жұмыстарын 13-шағын ауданнан бастап кетті,- деді Асан Чукин.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему