Қоқыстан нәрестенің өлі денесі табылды
Курс валют в Актау
на 08/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
8 Мая, 01:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қоқыстан нәрестенің өлі денесі табылды

18 Января 2016 (11:28) | 1901 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бейнеу ауданында жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Бейкүнә шарананың мәйіті «Ақтау-Атырау» тас жолының бойындағы қоқыстар арасындағы қорапта жатқан. Жантүршігерлік оқиға кеше 17 қаңтар күні кешкі сағат 17.00 тіркелді.

 

Аудандық ішкі істер басқармасына Сарға селосының тұрғыны «Ақтау-Бейнеу-Атырау» республикалық маңызы бар тас жолының 316/486 шақырымында, Сарға селосының сол жағындағы тас жолдан 900 метр жерде орналасқан қоқыстар арасында қорапқа салынған жаңа туылған нәрестенің өлі денесінің табылғанын хабарлаған. Шақалақ қыз бала екен.

 

Табылған нәрестенің мәйіті Бейнеу аудандық мәйітханасына тапсырылып, сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды. Әзірге, сәбидің анасының кім екендігі, оның қайда, қашан дүниеге келгендігі белгісіз. Баланың анасын табу мақсатында шұғыл түрде іздестіру-сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему