Тастағы тарихи шежіре
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 23:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тастағы тарихи шежіре

11 Января 2016 (10:34) | 4429 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өлкеде «Сейсем Ата қорымының араб жазуындағы эпиграфикасы» атты тақырыппен жаңа тарихи-танымдық кітап жарық көрді. Сейсем Ата қорымы жайында толыққанды мәлімет беретін, 159 беттен тұратын кітап үш тілде басылып шыққан. Туындының авторлары -Әшірбек Муминов, Айтжан Нұғыманова және Нұрлан Құлбаев.

 

Сейсем-ата қорымы – киелі Маңғыстаудағы ең ірі және ежелгі қорымдардың бірі, Өтес селосынан солтүстік бағытта, батыс Үстірт шыңдары аймағындағы қыстау-құдықтар мен ежелгі керуен жолдары бойында орналасқан. Қорым туралы алғашқы деректер осы өлкеге 1825-1826 жылдары ат басын тіреген орыс әскери экспедициясының басшысы, полковник Ф. Бергтің күнделігінде: «Бұл конус тәріздес жер-тас үйінділерінен тұратын қасиетті қорым, алуан түрлі сәулет пішіндерінің біртұтастығы сақталғанына қарағанда, қорым жергілікті түрікмендердің немесе осы түбекке алғаш табан тіреген қырғыздардікі (адайлар) болуы мүмкін» деп көрсетілген екен.

 

«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ директоры Нұрлан Құлбаевтың айтуынша, «2008 жылы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Сейсем ата қорымына үлкен кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2010 жылдан бастап қорымда қайта қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, Ш. Уәлиханов атындағы археология және этнография институты қорымның ішіндегі ескерткіштердің сәулеттік жағын зерттеген».

 

Сейсем-ата қорымы-батырлар пантеоны саналады, мұнда Адай тайпасының небір асыл, ардақты азаматтары, батырлар мен атақты жыраулары жерленген. Маңғыстау және Үстірт өңіріне тән «Сейсем-ата қорымы» аймақтағы ежелгі қорымдардың арасында сақталу деңгейімен де ерекше. Діни-мемориалдық кешенде тас ою өнерінің алуан түрлі үлгілері кеңінен шоғырланған. Сейсем-ата қорымы - өлкені мекендеген көшпелілердің сәулет өнері мен салт-дәстүрлері, діни дүниетанымдары мен әлеуметтік-саяси даму үрдістерінен деректі мағлұмат беретін құнды ескерткіш.

- Сейсем Ата қорымы-республикалық дәрежедегі ескерткіш. Қорымда 1328 ескерткіш есепке алынған, оның ішінде 500-нің тасқа қашалып жазылған жазулары анық көрінеді. Сондықтан да бұл жолы кітапқа 204 ескерткіштің жазулары ғана қамтылды. Зерттеулердің нәтижесінде осы қауымда жерленген атақты батырларымыздың, ата-бабаларымыздың есімдері белгілі болды. Жалпы бұл кітапқа бюджеттен 5 млн.теңге бөлінді. Тендер арқылы «Заңғар ЛТД» ЖШС 3 млн.790 мыңға ұтып алып, 1000 данасын шығарып берді. Енді кітаптарды мұражай, мектеп, кітапханаларға таратамыз. Сейсем Ата қорымында әлі де зерттелмеген дүниелер бар, сондықтан да жалғасы болады,-дейді «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ директоры Нұрлан Құлбаев.

 

«Сейсем-ата қорымы» тарихи-сәулет ескерткіштерінің ансамблі ретінде 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему