Ақтауда үшем дүниеге келді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда үшем дүниеге келді

28 Сентября 2015 (11:34) | 1991 | Автор: Мира Ботабекова

 

Сүйінші! Ақтауда үшем дүниеге келді. Нәрестелердің барлығы қыз бала. Ясмина, Ясина және Яснура есімін иеленген шақалақтар Ақтау қаласының туған күнінде туылған болатын. Бүгін Құрбан айттың екінші күні үйлеріне шықты.

 

 

Олардың әрқайсысының салмағы 2 келі 200 граммды құрады. Пышаққа түсіп, босанғаны болмаса, ана мен үш балақайдың жағдайы жақсы. Осылайша, бір ұл мен бір қыздың анасы Перизат Дегениязова тағы үшем босанып, 27 жасында көп балалы ана атанды. Жас ана мұнымен шектелгісі келмейді. Исаевтар отбасының санын көбейте түсем, деп құлшынып отыр.

 

Жас отбасы ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады екен. Үшем де енді үш бөлмеліпәтерге 15-ші жан болып тіркелмек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жас отбасының «Аймақтарды дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пәтер алуға мүмкіндіктерінің бар екенін айтты. Аталған бағдарламаның бір тармағы бойынша 29 жасқа толмаған көп балалы отбасы мемлекеттен баспана алуға құқылы.

 

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында осы жылы осымен үшінші рет үшем дүниеге келген. Айта кету керек, Маңғыстау өңірі еліміз бойынша бала туудан көш бастап тұр.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему