Фотобайқау жеңімпаздары анықталды
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 13:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Фотобайқау жеңімпаздары анықталды

24 Декабря 2015 (12:27) | 3805 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық Ауған соғысы ардагерлері «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ардагерлер жанымызда» фотобайқауы өткен болатын. Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты кеше облыстық «Арман» жастар орталығында ұйымдастырылды.

 

 

Қазылар алқасының шешімімен 1-орынға Абылай Саматұлы лайық деп танылды. Екінші орын Рысгүл Рамазановаға бұйырса, үшінші орынды «Маңғыстау-Медиа» ЖШС қызметкері Ақерке Гагаринқызы мен Фатима Ахмет өзара бөлісті. Сонымен қатар Дәурен Бұғабаев, Асылхан Көбегенова, Нұрзия Эмирова ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 

-Байқаудың өткізілетінін интернеттен оқыдым. Қатысып, бағымды сынап көргенді жөн санадым. Майдан даласына бозбала шағында аттанып, елімізді жаудан қорғаған батыр аталарымыздың ерлік істерін жастарға насихаттап, олардың өмірінен фото арқылы көрсету менің сүйікті ісім. Бос уақытымда жаныма жақын дүниелерді фотоға түсіргенді ұнатамын. Сондай бір топ суреттерді байқауға жолдаған болатынмын. Бүгін жеңімпаз атанып, қуанып тұрмын. Бір қызығы, «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлестігінің фотобайқауы-мен қатысқан алғашқы фотобайқау және алғашқы жеңісім,-дейді Ақерке Гагаринқызы.

 

Шарада сөз алған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мәтжан Шаулиев, байқауға белсене қатысқан жеңімпаздарға алғысын білдірді. Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысушы, аймаққа белгілі дәрігер Тоқтар Әжіғұловқа Б. Момышұлының «Батыр шапағаты» медалін және өлкеге белгілі азамат Әли Сахимовқа әскери қолбасшы, қазақ батыры «Сабыр Рахимовтың» орденін табыстады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Roman, 3 Января 2016 (17:51)
0 0
Түсініксіз не үшін құрмет? Басқа тәуелсіздік елге басып кіргені үшінба!?
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему