Мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасалды
3 Апреля 2017 (17:11) | 1409 |
Автор: Мира Ботабекова
Елімізде мыңнан аса сотталушыға рақымшылық жасалды. Бұдан бөлек, сот шешімімен пробациялық бақылауға алынған бес мыңға жуық адам рақымшылыққа ілікті.
Тағы да үш мыңға жуық жазасын өтеушінің мерзімі қысқартылды. Жалпы, осы уақытқа дейін он екі мыңнан аса материал қаралған. Оның ішінде жүзден аса сотталушы рақымшылыққа ілінген жоқ. ға Өйткені, жазасын өтеуші келтірген шығынды толық өтемеген. Бірақ, «Рақымшылық туралы» Заңда көзделген уақыт ішінде залал толық өтелсе, сотқа қайта жүгінуге мүмкіндігі болады, - дейді Ішкі Істер Министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему