Құқықтық мемлекет құруда сот жүйесінің жүгі ауыр
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 00:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құқықтық мемлекет құруда сот жүйесінің жүгі ауыр

25 Января 2019 (10:37) | 1494 | Автор: Редакция

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның әрбір жетістігіне өзгелер қызыға қарап, бейбітшілік пен тұрақтылықты үлгі тұтады. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстанның ұзақмерзімді даму стратегиялары жасалып, алға қойылған жоспарлар мерзімінен бұрын орындалуда.

 

 

«Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламасына сай Елбасы әлемдегі ең өркендеген, дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу межесін қойып отыр. Ол үшін экономикалық, әлеуметтік және саяси бағыттар бойынша барлық салалар жетілдірілуі керек. Соның ішінде Қазақстанның сот жүйесі де алдыңғы қатарда болуы қажет.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның сенімді кепілі ретінде заң үстемдігін, адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық мемлекет құруды негізгі мақсат етіп қойды. Осы орайда Жоғарғы Сот қазақстандық сот төрелігінің моделін одан әрі жетілдіруді, барынша кемелденген тәуелсіз сот жүйесін құруды, азаматтардың соттарға деген сенім деңгейін арттыруды қолға алып отыр.

 

Құқықтық мемлекет құруда сот жүйесінің рөлі ерекше зор. Себебі барлық азаматтар мен мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелердің құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық қатынастар, мемлекеттің мүдделері сот арқылы қорғалады.

 

Халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуін ұсыну арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындығы артуда. ҚР Жоғарғы Соты сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыруды, сот төрелігін іске асыру процесінде жедел ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етуді, істерді қарау мерзімдерін қысқартуды, сот шешімдерінің орындалуы тиімділігін арттыруды жедел қолға алды. Себебі, сот жүйесін дамыту арқылы, Елбасымыз айтқандай, құқықтық мемлекет құру жолындағы игі мұраттарға қол жеткізуіміз қажет.

 

Қазіргі таңда Қазақстанның сот жүйесі тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді. Соңғы кезде көпшіліктің батыстың дамыған елдеріндегідей даулы да таласты мәселелерді немесе бұзылған құқығын өркениетті түрде сот арқылы шешуге ұмтылуы халықтың құқықтық сауатының артқанының және сот жүйесіне деген сенімдерінің дәлелі.

 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заң қабылданып, судьялардың мәртебесі, олардың құқықтық жағдайы заңмен анықталды. Сот практикасына ақпараттық технологиялар енгізіліп, судьялық лауазымға іріктеп алу жүйесінде ауқымды шаралар қабылданды. Міне, бұл шаралардың барлығы еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

 

Тәуелсіздік судьяларға қолда бар барлық мүмкіндікті пайдаланып, ел дамуы мен гүлденуі жолында алдарына қойылған міндеттерді іске асыруға барлық мүмкіндікті тудырып отыр.

 

Метеркулова Гауһар,

Маңғыстау облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему