Маңғыстаулық балуандар Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 17:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуандар Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

15 Декабря 2015 (14:19) | 2539 | Автор: Нурганым Имашева

 

Атырауда спорттық және әскери самбодан өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жайық жағасындағы денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде (ФОК) ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық аймағынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Монғолия, Тәжікстан, Үндістан, Малайзия, Иран, Оңтүстік Корея мемлекеттерінің келген 250-ге жуық балуан қатысып, күш сынады.

 

Мықтылардың арасынан 60 келі салмақ дәржесінде белдескен маңғыстаулық балуан, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің шәкірті Бауыржан Сағынғалиұлы, 100 келі салмақта әскери самбодан маңғыстаулық балуан Айболат Мұратұлы мен 90 келі салмақта күрескен «Қарагөз» спорт мектебінің шәкірті Мейрамбек Жаңабаев Азия чемпионы атанып, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленді.

 

Сондай-ақ, балалар мен жастарға арналған «Жастар» спорт мектебінің балуандары 65 келі салмақта белдескен Сұңғат Жұбатқан күмісті және 57 келі салмақта Рамазан Мамаев қоланы жеңіп алып, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Осылайша, облыс қоржыны 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдармен толықты.

 

Азия чемпионатының ашылу салтанаты 11 желтоқсан күні кешкі сағат 17:00 де басталды. Жайық жағасындағы денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде ұймдастырылған шараға жергілікті билік өкілдері мен спорт жанкүйерлері қатысты.

 

 

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев халықаралық деңгейде өтіп жатқан жарыстың маңыздылығына тоқталып, додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

-Бүгін-Атырау спортының тарихында айтулы оқиға. Айдынды Ақжайық көлбей аққан Атырау қаласында тұңғыш рет спорттық және әскери самбо күресінен Азия чемпионаты өтуде. Ең алдымен баршаңызды осы спорт додасының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын.

Жалпы күрес өнері-ежелден қазақтың жанына жақын спорт. Бұл спортта білік пен білек ғана емес, тайсалмас жүрек те сынға түседі. Сондықтан да ата-бабаларымыз: «Тәуекел-тауды жығады»,-деп балуандарымыздың үмітін үкілеп, намысын жанып отырған. Бүгінгі жарысқа қатысушы жеткіншектеріміз де даңқты бабалардың жолын қуып, ел мерейін асқақтатады деп сенеміз. Барша балуандарға сәттіліктер мен биік жеңіс тұғырын тілеймін!-деген шаhар басшысы Н. Ожаев елімізде самбоның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

 

Салтанатты шарада жастарды патриоттық әндерімен рухтандырып жүрген белгілі әнші Ерболат Құдайбергенов бастап, жергілікті өнерпаздар қоштап, әуелеген әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй тартылды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему